Негізгі бет / Жаңалықтар / Құрметті Тахиржан Тұрсынұлы! Құрметті Тахиржан Тұрсынұлы!

Құрметті  Тахиржан Тұрсынұлы!

 

ҚазҰУ қалашығындағы  "Mәңгілік Ел" сәулет кешенін тұрғызу жобасына қолдау білдіргеніңіз үшін сізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздің қауымдастық шотына жасаған салымыңыз, жомартығыңыз,   өзге түлектерге үлгі болсын дейміз! ҚазҰУ-дың          75 – жылдық, 80 - жылдық мерейтойына  арналған іс-шараларға әрдайым қолдау білідіріп, "Біздің элита. Наша элита" кітабының басылуына,  ректор Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековқа арналған монумент құрылысына үлкен үлес қостыңыз. Жыл сайын сонау Лондоннан Түлектер күніне келіп  ұстаздарыңызға құрмет білдіресіз. Биылғы жылы, сіздің университет бітіргеніңізге 30 жыл толып отыр. Осыған орай, сізді және сіздің курстастарыңызды мерейтоймен құттықтай отырып, 28 мамыр күні ҚазҰУ қалашығында өтетін Түлектер күніне шақырамыз!  Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, жетістік тілейміз!

 

 Құрметпен, ҚазҰУ түлектер қауымдастығы дирекциясы атынан Күлғазира Балтабаева.