Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

"Мәңгілік ел" науқанына қатысамын!

 

"Мәңгілік ел" науқанына қатысамын!


 

1981 жылғы Химия факультетінің түлегі, техникалық ғылымдар докторы, «Шахтерская слава» белгісінің кавалері, «Восточное рудоуправление» ЖШС Бас директоры Зелина Ғаниқызы Катранова ҚазҰУ түлектер қауымдастығымен, студенттер мен түлектердің «Мәңгілік Ел» салтанат аркасының құрылысына демеушілік көмек көрсету туралы келісім жасасып, қауымдастық есеп шотына 1,5 млн теңге көлемінде қаржы аударды.


28 мамыр күні атап өтілген «Түлектер күнінде»,  1,5 млн теңге көлеміндегі сертификатты Зелина Катранова, қауымдастық атқарушы директоры Күлғазира Балтабаеваға салтанатты түрде табыстады.

 

ҚазҰУ түлектер қауымдастығы меценатқа шексіз алғысын білдіреді. Меценаттар тақтасына Катранова Зелина Ғаниқызының есімі жазылды.

Басылым күні: 30-мам-16