Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Түлектер күнін Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде атап өтті

2023 жылғы 27 мамыр сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлі Экономика және бизнес жоғары мектебі түлектерінің күнін атап өтті.

 

ЭБЖМ Түлектер күні – 2023 

2023 жылғы 27 мамыр сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебі жыл сайынғы дәстүрлі Экономика және бизнес жоғары мектебі түлектерінің күнін атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ– ел мақтан тұтатын, қазақтың көптеген көрнекті ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, белгілі кәсіпкерлер, ректорлар, спортшылар үшін Alma-mater болып табылады.

» іс-шарасын Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., м.а. профессор Бимендиева Л.А. ашты. Бұдан кейін дәстүр бойынша қонақтар мен түлектер халықаралық студенттердің «Gaudeamus» әнұранын орындады.

ЭБЖМ түлектері Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы Д.Т. Мұқаевқа берілді.  Д.Т. Мұқаев сөз сөйлеп, ЭБЖМ-нің  4 үздік студентіне 400 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақы тағайындады.

Экономика және бизнес Жоғары мектебін 1993 жылғы мерейтойлық түлектер: Асқар Ізбасаров (Қазақстан), Мария Мещерякова (Ресей), Бассам Аль-Хамди (Сирия) – СЭ-88 тобы (Саяси экономика) құттықтады.

«Ұстазым» әндерін жолдады.

Сыдықова Айдана Дәуренқызы - “Bugin holding” ЖШС-нің тең құрылтайшысы. (2014 ж. түлегі); Ибатжан Ислам Бауыржанұлы – Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары (2018 ж., университетті бітіргеніне 5 жыл); Саринова Айым- «Есеп және аудит» мамандығының 2013 жылғы түлегі – «Айсер Аудит» ЖШС директоры; Сабидулина Әдемі, «Қаржы» мамандығының 2018 жылғы түлегі – «Эйр Астана» АҚ, салық есептілігінің аға қаржы инспекторы; Есенжол Дархан, «Қаржы» мамандығының 2018 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Стратегия және талдау департаментінің бас талдаушысы; Әбілов Мұрат Сүндетуллаұлы – 2013 жылғы түлегі – «Cement Plus M» ЖШС директоры; Мұхаметжанов Дидар Нұрболұлы – 2013 жылғы түлегі – Қарасаз ауылдық округінің әкімі; Турсын Абылай – 2013 жылғы түлегі – «TADS» ЖШС бас инженері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің аккредиттелген кеңесшісі. Олар студенттік жылдардағы естеліктерімен, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттермен ЭБЖМ-де және кафедралар ұйымдастыратын іс-шаралар аясында ғана емес, сонымен қатар бейресми деңгейдегі жұмыс бойынша және жеке кездесулер деңгейінде белсенді түрде өзара араласуға тілек білдірді.

Мерейтойлық жылдар түлектерінің құттықтауларынан кейін Экономика жоғары мектебінің студенттері музыкалық сәлемдерін жолдады. «Қаржы және есеп» кафедрасының атынан «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Хусаинов Әділет «Бұл өмірде» әнін шырқады.

2023 жылғы түлектерді құттықтаумен студенттік декан Асқарова Мәриям Сәбитқызы сөз сөйледі..

«Қаржы және есеп» кафедрасының атынан түлектердің бейнеқұттықтауы (4 бейнеролик) көрсетілді: түлек Шолпанкұлова Гүлнұр (2013 ж. «Есеп және аудит»), түлек Кұмарбаева Аида (2021 ж., «Қаржы»), түлек Асем Рипатова (2021 ж., «Қаржы»), және түлек Сапарбаева Тәтті Әділқызы (2013, «Маркетинг»).

Дәстүр бойынша әр жылғы түлектер үздік студенттерге жеке шәкіртақы тағайындап, материалдық жәрдемақылар берілді. Университет жобаларын қолдау мақсатында қатысушы- түлектер 40 студентке шәкіртақы тағайындады.

Кездесу соңында түлектердің базасын кеңейту, байланыстарды дамыту, шеберлік сыныптарын қалыптастыру, қонақ лекцияларды өткізу, студенттерді әртүрлі беделді конкурстарға қатысуға ынталандыру, академиялық ұтқырлықты арттыру, нетворкингті дамыту және т.б. бойынша Экономика жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к.,профессор Л.А. Бимендиева қорытынды сөзін сөйледі.

ЭБЖМ түлектері күні кездесуге қатысушыларды әуезділігімен және ән мәтінінің терең сөздерімен еліктірген «Қоштасу вальсі» музыкалық номерінің сүйемелдеуімен және есте қаларлық фотосессиямен аяқталды. 

2023 жылғы Түлектер күніне әр жылдардағы мерейтойлық түлектер, бүгінгі таңда мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми қауымдастықтың, бизнес-қоғамдастықтың, Қазақстан университеттерінің, алыс-жақын шетелдердің серіктес университеттерінің өкілдері ретінде, сондай-ақ ЭБЖМ оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты!

 Сілтеме:https://www.instagram.com/reel/CswCpkFtWGM/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

 

Басылым күні: 27-мам-23