Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

География факультетінің 2020 жылғы түлектеріне!!!

Сіздер өмірдің өте маңызды бөлігін еңсеріп, бүгінгі таңда университет сіздерді кәсіби өсудің қызықты жолына шығарып салуда. "Өмірге жолдама" деп аталатын сіздің дипломыңыз осы өмірге жолдама болып табылады! Жақсы дәстүрлерді жалғастыра отырып және өз alma mate жетістіктерін көбейтіңіз!

 

Сіздер өмірдің өте маңызды бөлігін еңсеріп, бүгінгі таңда университет сіздерді кәсіби өсудің қызықты жолына шығарып салуда. "Өмірге жолдама" деп аталатын сіздің дипломыңыз осы өмірге жолдама болып табылады! Жақсы дәстүрлерді жалғастыра отырып және өз alma mate жетістіктерін көбейтіңіз!

Кез келген адамның өміріндегі керемет кезеңі болып табылатын студенттік шақ артта қалды.

Алда енді шыңдау, дербес, ересек өмір кезеңі. Сіз бұл өмірге жаңа технологиялық процестердің ауқымды енгізізілген, Қазақстан экономикасы салаларының инновациялық даму қарқыны күшейген, сандық технологиялар ғасыры келген өте қызықты уақытта кірісесіз. Білім алу бүгінде әркімнің тағдырындағы айқындаушы фактор болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері, қай салада жұмыс істесе де, өз әріптестерінен жоғары кәсіпқойлығымен, білім деңгейімен, ой-өрісімен, іске деген шығармашылық, жаңашылдық қасиеттерімен ерекшеленеді

Біз географтар мәңгілік зерттеушілер боламыз, себебі жер әрқашанда қозғалыста, өзгерісте, ал бізге бұл өзгермелі әлемді зерттеу керек! Бүгінгі күні Қазақстанда табиғи ресурстарды пайдалануда, сондай-ақ экологиялық тұрғыда тұрақсыз аймақтарда шешілмеген мәселелер, күрделі табиғи құбылыстар (селдер, су тасқыны, шөлейттену, құрғақшылық), аймақтық климаттық жүйедегі өзгерістер өте көп, сонымен бірге біз трансшекаралық су ресурстарына тәуелді ел болғадықтан, кейде табиғи катаклизмдерге алып келетін құбылыстар туындайды, мәселен, таяудағы 2020 жылдың мамыр айында Сырдария өзенінде болған апатты атап өтсек болады! Мемлекет адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тиімді басқару саласында үлкен міндеттерді шешу үшін кәсіби жас және сауатты кадрларға мұқтаж!

Ертең сіздер жаңа әлем құрып, еліміздің даңқын және сұлулығын арттырып, ғылыми - техникалық өсуді дамыта алатындарыңызға әрдайым сеніңіздер. Сіздің алдыңызда жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашылады!

Бірінші кезекте мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға бел буған жастарға айтқым келеді, себебі менде сіздер сияқты география факультетінің құрлық гидрологиясы кафедрасының түлегімін, қазір ҚР география және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкерімін. Яғни өмір бойына білім алу мүмкін емес — үнемі ізденісте болу керек. Ғылым-қызықты сабақ. Білім алып, еңбек етсеңіз, өмірден лайықты орын табатыныңызға сенемін!

Сіздің осы оқу жылдарыңызда сіздермен бірге болған және сіздің кәсіби қалыптасуыңызға, жеке қабілеттеріңізді ашуға шешуші әсер еткен барлық оқытушыларға алғыс айтқым келеді. Күн сайын, олар сіздерге жаңа нәрселерді білуге, мамандық құпияларын меңгеруге көмектесті, сіздерге тек өз білімдерін, тәжірибелерін, шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар өз жүректерінің жылуын да берді!

Сондай-ақ, түлектердің ата-аналарына осы жылдар бойы өз балаларын қолдап және олардың қалыптасуындағы үлкен көмектері үшін алғыс білдіре отырып, құттықтаймын.

Өмір, кез келген ғылыми жұмысқа, кез келген оқулықа қарағанда сан қилы, әртүрлі болып келеді. Өмірде сіз кейде жоғары оқу орнында немесе мектепте өтпеген стандартты емес жағдайларға тап боласыз. Сізге кез-келген жағдайда, ол қандай қиын болса да, оңтайлы, ең тиімді жолын табуды тілеймін. Әрқашан жеңімпаз болыңыздар!

Сіздерге мықты денсаулық, махаббат, сәттілік, өз күшіңізге деген сенім тілеймін!

Айсулу Алашевна Турсунова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география факультетінің "Құрлық гидрологиясы" кафедрасының түлегі 1997 ж.,

ҚР БҒМ "География және су қауіпсіздігі институты "

Су ресурстары зертханасының меңгерушісі,

жетекші ғылыми қызметкер,

география ғылымдарының кандидаты,

2019 ж. әл-Фараби атындағы ғылым мен техника облысындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 

 

 

 

Басылым күні: 26-мам-20