Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, проф. Ғалымқайыр Мұтанұлы

Түркі әлемінің ұлы ойшылы, ислам әлемінің негізін қалаушы, батыс әлеміне «Al-Farabius» атымен әйгілі, ойшыл Фарабидың атымен аталатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылуының 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

 

 

 

Құрметті әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің ректоры,

проф. Ғалымқайыр Мұтанұлы

 

 

Түркі әлемінің ұлы ойшылы, ислам әлемінің негізін қалаушы, батыс әлеміне «Al-Farabius» атымен әйгілі, ойшыл Фарабидың атымен аталатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылуының 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Ұлы ойшылдың атымен аталып, оның даңқына сай тәрбие және білім беру саласында әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-дары арасында орын алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлі де көптеген жылдар бойы сіздің жетекшілігіңізбен алдыңғы қатарлы белсенділігін жалғастыратын-дығына мол сенім білдіремін. 

 

Құрметті Ректор, ардақты Досым,

Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен қайратыңыздың арқасында заманауи жоғары оқу орны ретінде дүниежүзіндегі жетекші университеттермен теңдей білім алуға мүмкіндік беретін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университе-ті үлкен қадамдар жасап, жаңа жобаларға қол жеткізді. Біздің тарапымыздан арнайы дайындалған «әл-Фараби – өркениет ойшылы» атты деректі фильмде осындай  мәселелерді жан-жақты түсіндіруге тырыстық.

Әсіресе, соңғы жылдары Фарабидің идеялары негізінде жоғарғы білім беру саласына жол ашқан «Қайырымды қала» үлгісіндегі бастамаңыз әлемінің келешегі үшін ерекше маңызға ие.

6 жылдан бері осындай өзгерістерге өзім куә болдым және үлкен әсер алдым.  Себебі бүгінде адамзат өмірде бетпе-бет келген қиыншылықтардың әсерінен мәдени санадан алыстап кеткендігі шындық. Қоғамның қажетті өркениеттік санаға жетуі үшін  ең  басты  маңызды шарттардың бірі жан-жақты «ізгілік, қайырымды»  құбылысы. Себебі тек ізгілікті, қайырымды тұлғалары бар қоғам ғана, ізгілікті, қайырымды әлем құра алады.

Сондықтан сіздің ізгілікті университет үлгіңіз әлемдегі көптеген бетпе-бет келген қиындықтарға жауап бере алатындай дәрежеде және де осындай жолмен  өсіп келе жатқан жастар сөзсіз болашақта  әлемнің жаңа көкжиек-терін ашады.

Ректор мырза,

Сонымен қатар, мен мына екі мәселені де сізбен бөліскім келеді: Біріншісі, біз дайындаған «әл-Фараби – өркениет ойшылы» атты деректі фильмнің көрсетілімі жақын арада Түркияның ТРТ телеарнасында көрермендерге ұсынылады. Ал екіншісі, «әл-Фараби – өркениет ойшылы» атты кітаптың мөлшерлі қалыпта және суретсіз жаңа басылымы жарияланды.

Осыған орай, осындай қуанышты сезіммен университетіңіздің 85 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, cізді және барша тәрбие және педагог қызметкерлеріңіз бен студенттеріңізді тағы да құттықтаймын. Сіздерге толағай табыстар тілеймін.

 

 

Құрметпен,

проф. Бекир Карлыга

Біріккен Ұлттар Өркениеті Альянсының

Түркиядағы  координаторы

 

 

Басылым күні: 20-мам-19