Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

ҚазҰУ-ды бітіргенге 40 жыл толуымен құттықтау!

 

ҚазҰУ-ды бітіргенге 40 жыл толуымен құттықтау!

 

ҚазҰУ түлектер күніне 1976 жылғы түлектерде келді. Олар биыл оқу бытыргендеріне 40 жыл толуын атап өтуде. Олардың арасында: химиктер, биологтар, заңгерлер, филологтар және журналисттер.


Студенттер сарайы сахнасынан ҚазҰУ-ды бітіргенге 40-жыл толуымен химия факультетінің 1976 жылғы түлегі, техникалық ғылымдар докторы  - Абдурасул Алдашұлы Жарменов құттықтады.


Бүгінде ол – Минералды шикізатты кешенді өндіру Ұлттық Орталығының бас директоры, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік премияның екі дүркін лауреаты.

 

Академик Жарменов – Түлектер қауымдастығы президиуымының мүшесі. Дәл осы кісінің бастамасымен алғаш рет жоғарғы білім беру жүйесінде Эндаумент-қор негізі қаланды.

 

Эндаумент-қорға жасалған № 1 қайырымдылық келісімі  академик Әбдірасул Алдашұлы Жәрменовпен жасалды. Бұл дегеніміз ғалымның, «Қазақстан ерітіндісі» атты  патентінен  көрген табысының (роялти) 1 %-ы патенттің әрекет ету мерзімінде эндаумент-қорға түсіп отырады.  Осылайша түлек университетке көмек қолын созуда.

 

 

Басылым күні: 31-мам-16