2017 жылдың 14 желтоқсанында Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры - 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған елдегі ең ірі коммерциялық емес қор. Қордың жұмысы талантты жастарды қолдап, әлеуметтік жобаларды және азаматтық бастамаларды дамыту, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті аналитикалық-сараптамалық орталықты өркендетуге бағытталған.
http://www.inform.kz/kz/igor-rogov-zhana-kyzmetke-tagayyndaldy_a3097190