Негізгі бет / БАҚ біз туралы / БАҚ жарияланымдары БАҚ жарияланымдары

Қазақ ұлттық университетінде түлектер күні онлайн өтті

Егемен Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні академиялық дәстүрЖурналистика факультеті Баспасөз және электрондыБАҚ кафедрасының Түлектер күні биыл да осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.

Егемен Қазақстан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күніакадемиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні биыл да осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.

Кездесуді ұжымның меңгерушісі, саяси ғылымының докторы, профессор Гүлмира Сұлтанбаева ашып, кафедра түлектерін құттықтады. ҚазҰУ ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов арнайы бейне құттықтау жолдады. Факультет деканы Сағатбек Медеубек түлектерге жылы лебізін білдірді. Әл-Фарабидің «Адамдар тек бірлесе, бір-біріне көмектесу арқылы ғана бақытқа жете алады», - деген нақыл сөзінде қаншама терең ой, парасатты идея бар. Ректор түлектерді  ғұламаның осы идеясы аясында бір-бірін қолдай отырып, университет пен қоғам дамуына үлес қосуға шақырды

Мәселен, түлектердің қолдауымен кафедра базасында соңғы оқу жылдарында ашылған «Qazaqstan», «Egemen Qazaqstan»,  Ж.Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханалар серіктес жұмыс беруші ұйымдардың қолдауымен оқу техникалық мүмкіндіктердің алаңына айналды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәмидің «Тәлімгерлік: әркім ие бола алатын мүмкіндіктер» жобасы  таныстырылды

Кафедраның осы орайда оқу-техникалық базасын жаңалаудан бастап оқу үрдісіне, білім беру бағдарламалары, медиа нарыққа бейімдеуге дейінгі түлектермен орындалған ауқымды жобалары аталды.  «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы тілшілер қосыны,   «Qazaqstan» ұлттық арнасының Алматы редакциясы мен «Қазақ газеттері» ЖШС базасында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының филиалдары ашылуы оқу үрдісінің медиа өндіріске бейімделуіне жол ашты.

Кафедраның  әр жылдардағы бітіруші түлегінің ҚазҰУ студентіне тәлімгер болу бастамасын қолдаған Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа: «Қайрат Әбдіразақұлы ұсынған жобасын маған ой салып отыр. Біз бұл бағыттағы серіктестіктің үш нақты қадамын айтсақ. Біріншісі, биылғы жылы  тәлімгер болу бастамасына құқықтық журналистика саласына маман даярлауға үлес қосамыз. Екінші бастамамыз, баспасөз қызметі мамандарын сот саласында даярлау қажетСтуденттердің соттардың баспасөз қызметтерінде тәжірибеден өтуіне көмек беру ісін жолға қойсақ. Жоғары курс студенттерінің аудандық, облыстық соттарда тәжрибеден өтуін ұйымдастырамыз. Үшіншісі, құқықтық салаға икемі бар студенттерге арнап, онлайн шеберлік сыныптарын тұрақты ұйымдастырамыз»,- деп бірқатар ұсынысты атап өтті. Журналистикада мамандану мәселесіне де тоқталды. Спорт не құқық саласын алсақ. Мәселен, сот саласын тереңдетін жазған,  бәрімізге жақсы таныс әділдікті, әділеттілікті журналистиканың басты қағидасына айналдырған, заң күшіне мұқтаж жандарға кеңес берген  Нұри Муфтахтың шеберлігін айтуға болады.  Александр Тасболат – заңның бүге-шүгесіне дейін зерттеп, бір салаға маманданған танымал журналист. Заң баптарын не терминдерін жай жазып, қоймай  халыққа түсіндіріп, билік пен қоғамның арасындағы құқықтың дәнекер болды.

Кафедра тарапынан Гүлмира Серікбайқызы аталған ұсыныстар бойынша  оқу жоспарында  Журналистиканың құқықтық негіздері базалық пән ретінде оқытылып отырғанын, салалық жағынан  тереңдетіп оқытатын бағдарлама әзірленетінін атап өтті. Жоғарғы соттың баспасөз қызметімен талқыланған «Құқықтың журналистика анықтамалығын» баспаға жіберу қажеттігі айтылды. Журналистерге күнделікті  заң, құқық, этика саласында кездесетін терминдер мен процестерді  БАҚ материалдарында қолдануға арналған әдістемелік құрал қажет. Құқықтық медиа саласындағы үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы негізінде  факультетте студенттік медиа клиникасы ашылса, салалық мамандар даярлауға ықпалы артар еді дейді қатысушылар.

Факультеттің 5 жылдықтан бастап 35 жылдық түлектеріне дейін бірнеше буын өкілдері қатысқан шарада дәстүрлі медиадан бастап цифрлық медиа нарықтың талаптарына сай мамандар даярлауға түлектердің үлесі қаралды. Атап айтқанда, танымал журналист, қоғам қайраткері 35 жылдық түлектер атынан Сауытбек Абдрахманов,  топ медиа менеджер Арманжан Байтасовтың бейне тілектерімен қатар, шараға   15 жылдық түлектер, есімі елге таныс журналистер Ринат Кертаев, Гүлназ Әлімгерей, Мейіржан Әуелбекұлы, Мирас Мұқаш, PhD докторлар Жұмағали Есенбек пен Алма Сайлауқызы қатысып, арнайы шәкіртақы тағайындады.  «Kazakh  TV»   арнасы ақпараттық бағдарламалар бөлімінің шығарушы редакторы Мәншүк Шымырбай,  журналист, Жетісу университетінің  оқытушысы Назым Дутбаева,  «Қазақ радиосының» жүргізушісі Гүлбағыш Бостан шараның спикерлері  ретінде кафедра студенттерінің тәлімгері атанып, журналистік дағдыларын дамыту ісіне үлес қоспақ.  

«Хабар» АҚ» 25 жылдығы,  «Қазақ радиолары» ЖШС  100 жылдығы, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Акционерлік қоғамы 100 жылдығы  қарсаңында кафедра  мен жұмыс беруші серіктес ұйымдар арасындағы шаралардың жоспарлары талқылануда.

https://egemen.kz/article/237382-qazaq-ulttyq-universitetinde-tulekter-kuni-onlayn-otti

Басылым күні: 31-мам-20