Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Әл-Фараби кітапханасына тарту

Әл-Фараби кітапханасына тарту

 

28 мамыр 2016 жылы Түлектер күнінде, алғашқы сыйлық Әл-Фараби кітапханысна тарту етілді. Панно және жиырмаға жуық монографиялар Әл-Фараби кітапханасының  директоры Қалима Туйенбаеваға табысталды.

 

Сәнді паннадо Тұлпардың суреті бейнеленген. Тұлпар-қазақ халық шығармашылығының басты кейіпкерінің бірі. Қанатты тұлпар, әр ер жігіттің арманы. Көктемгі дала желі іспеттес жеңіл, адал әрі сенімді дос, ақынның өлеңіндей әсем. Кітапханада Дүниежүзілік Қазақтар қауымдастығында қызмет атқаратын, ҚР Орталық мемлекеттік тарих және этнология музейінде жұмыс жасайтын түлектер сыйға тартқан кітаптар көрмесі ұйымдастырылған.

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің, Ғылым комитетінің,   Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі – Хангелді Махмұдұлы Абжанов сыйға тартып, университетке құрмет білдірді.

 

 

Басылым күні: 30-мам-16