Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Халықаралық аккредитация

 

Түлектер қауымдастығы ҚазҰУ халықаралық аккредитациясынан өтуге өз септігін тигізуде.  22 ақпан, 2016 жылғы мәлімет бойынша, түлектер қауымдастығы аккредитация бөліміне, Қазақстан және шетелдерде, білім беру және ғылыми мекемелерде  жұмыс жасайтын 579 түлек бойынша ақпаратты тапсырды.


Мысалы, Алматы технологиялық университетінің профессорлық-оқытушылық қызметтерінде 85 ҚазҰУ түлегі жұмыс жасайды, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде – 67, Қазақ спорт және туризм академиясында – 38, Атырау мұнай-газ институтында – 29, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында  - 20 түлегіміз қызмет етеді.


 Ғылыми-зерттеу институттары арасында мыналарды атап өтуге болады: М.О. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер Институты Ауэзова (34 түлек), Генетика және цитология Институтынан (30), Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтынан (14), Ш.Ш. Уалиханов атындағы археология және этнология институтында (13). ҚР орталық мемлекеттік мұражайында -  қырық бес, ал Ә. Қастеев мұражайында - жеті  түлегіміз еңбек етуде. ҚР президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының 10 ғылыми қызметкері ҚазҰУ дипломының иегерлері. Сондай-ақ айта кететін жайт, бұл институттар мен мұражайларды біздің түлектер басқарып отыр.

 

 

 

 

Басылым күні: 22-ақп-16