Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Руслан Берденов ЭжБЖМ мен университеттің дамуына үлкен үлес қосады

 

Экономика және бизнес Жоғары мектебі Руслан Арысбекұлы Берденовтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы төралқасының құрамына кандидатурасын ұсынады.

 

 

Берденов Руслан Арысбекұлы әр жылдары «Алматы құс» ААҚ компаниясының бөлшек сауда директоры, «Procter&Gamble» компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі, «Eastcomtrans» ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы, «Ақ ниет» ЖШС Бас директоры, «Ақ ниет» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі, «Aq niet Group» Байқау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазіргі уақытта Берденов Руслан Арысбекұлы «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Руслан Арысбекұлы Берденов Экономика және бизнес Жоғары мектебінің өміріне белсенді араласумен қатар, ЭжБЖМ барлық маңызды іс-шараларына қатыса отырып, Руслан Берденов ЭжБЖМ қаржылық көмек көрсетеді.

 

Басылым күні: 14-нау-24