Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Шығыстану факультеті ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президиумына Құрмансейіт Батырханның кандидатурасын ұсынады

 

Шығыстану факультеті ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президиумына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің «жапонтанушы-филолог» мамандығы бойынша 2001 жылғы түлегі Құрмансейіт Батырханның кандидатурасын ұсынады.

 

Құрмансейіт Батырхан студенттік жылдары күрделі жапон тілін үйренуде тамаша қабілет көрсетіп, осы орайдағы жетістіктері үшін Жапонияның Ресей Федерациясындағы Елшісінің, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің, әл-Фараби ҚазҰУ ректорының мадақтау хаттарымен марапатталды. Қазірдің өзінде дипломат бола тұра, 2009 жылы Токиода тіркелген дипломаттар арасындағы 12-ші шешендік өнер байқауында жеңімпаз атанды.

Еңбек жолын "NIKA service-1"ЖШС компаниясының директоры болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-елшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының инспекторы, "Атамекен" ҰКП сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сектор меңгерушісі, 2015-2016 жылдары "Атамекен" ҰКП бас директоры қызметтерін атқардыЖаңа Және Сирек Ресурстар", 2017-2018 жылдары ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы. 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, 2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.

Бүгінгі таңда Құрмансейіт Батырхан Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі болып табылады. Құрмансейіт Батырхан Қазақстанда жапон тілін оқитын студенттер арасында шешендік өнер байқауы,сондай-ақ Жапония университетінің студенттері үшін көшбасшылық дәрістер мен қысқы мектептерді ұйымдастыру сияқты барлық маңызды іс-шараларға қатыса отырып, факультеттің дамуына үлкен үлес қосты.  Сондай-ақ жапон бөлімшесінің студенттерін оқытуға арналған аудио-бейне аппаратурасын алуға жәрдемдеседі.

Басылым күні: 18-нау-24