Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тотенше және окілетті елшісі Бақу қаласы

 

 

25.05.2019 ж.

 

 

 

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!

 

         Бүгінде өзіңіз басқарып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85-жылдығына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз.

         Әлемнің екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілген «қара шаңырақ» білім ордасы біздер, түлектер үшін ерекше ыстық.

Университет өзінің 85-жылдық тарихында еліміз үшін түрлі салалардағы мамандар даярлады. Олардың ішінен көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси элита өкілдері өсіп шықты.

Қазіргі таңда Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді. Соның ішінде 100-ден астам академик, 2000-нан аса профессор, ғылым докторы және кандидаттарынан құралған оқытушы-профессорлық құрамы заманауи талаптарға сай жас мамандар даярлау ісін абыроймен жалғастырып келеді.

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!

Құрметті университеттің ұстаздар қауымы!

Құрметті түлектер!

 

Жастарға сапалы білім беріп, үлкен өмірге қадам бастыратын ұлттық университетіміздің мәртебесін өсіріп, игі істердің басы-қасында жүрген баршаңызды айтулы мерейтоймен тағы бір мәрте құттықтай отырып, Еліміздің бірегей үздік оқу орнының әрі қарай өсіп-өркендеп, жаңа толағай табыстарға жетуіне тілектеспін.

 

Құрметпен,

 

                                                                         Бейбіт ИСАБАЕВ

                                                                        (1985 жылғы түлек)

 

Басылым күні: 16-мам-19