Негізгі бет / Жаңалықтар / Эндаумент-қор / Эндаумент-қор: шот түбіртектерін дұрыс әрі нақтырақ толтырыңыздар Эндаумент-қор: шот түбіртектерін дұрыс әрі нақтырақ толтырыңыздар

 

ҚазҰУ дамуының эндаумент-қорына ерікті түрде мың теңге көлемінде салымдар жасалды, алайда аты-жөні, факультеті көрсетілмеген. Мысалы, биылғы жылдың 30 наурызында Қауымдастық шотына 287136 теңге келіп түскен. Бірақ, бұл салымдар қай факультет есебінен жасалғаны белгісіз. Эндаумент-қордың дамуын кім қолдады?- деген сұрақ туындайды. Тағы бір мысал, 18 наурызда конференцияға деп, эндаумент-қорға тағы 100 000 теңге салым жасалды. Бұл не конференция? Қай факультеттің ұйымдастыруымен өткізілді? Сондықтанда, құрметті түлектер, салым жасаушылар! Сіздерден өтініп сұрайтынымыз, түбіртектерді барынша толық әрі нақты толтырыңыздар. Салымды кім жасағаны, салымның қандай түрі екені белгілі болу үшін.


Түбіртекті дұрыс толтырған бір мысал келтіретін болсақ, 29 наурызда, демеушіміз эндаумент-қорға бір миллион теңге көлемінде салым жасады: «Тарих факультетінің түлегі Абласанов Байқадам Аманұлының, эндаумент-қорға жасаған ерікті салымы. ЖСН (әрі қарай цифрлер)». Дәл осындай бір миллион теңге көлеміндегі қаржылай аударымды, тарих факультетінің түлегі Иманқұлов Мұрат Сейдалиұлы жасады.


Тағы бір дұрыс толтырылған түбіртекке мысал: «Биотехнология кафедрасының эндаумент-қорға жасаған демеушілік салымы. Конференция «Биотехнологияның заманауи мәселелері  –  лабораториялық зерттеулерден өндіріске». Сомасы 100 000 теңге».


Осыған орай, мүмкіндікті пайдалана отырып, ҚазҰУ түлектер қауымдастығы барша түлектерге, демеушілерге, барша ҚазҰУ достарына үлкен ризашылығын білдіреді. Университет дамуының Эндаумент-қорын қолдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.