Негізгі бет / Жаңалықтар / «ҚазҰУ түлегінің төлқұжаты» жобасы «ҚазҰУ түлегінің төлқұжаты» жобасы

 

ҚазҰУ түлектер қауымдастығы 2016 жыл түлектеріне арналған түлектер төлқұжатына жасауды бастады. Мұндай төлқұжатты кез-келген ҚазҰУ түлегі жасата алады. Бұл үшін, түлектер қауымдастығына келіп, фото суреттің электронды нұсқасы мен мәлімет ұсынсаңыз болғаны. Төлқұжатқа төленген қаржы, ҚазҰУ дамуының эндаумент-қорының есеп шотына түседі.


Төлқұжатта түлектерге арналған мынадай жеңілдіктер көрсетілген:


ҚазҰУ түлектер қауымдастығының түрлі жобаларына,  ұжымдық іс-шараларына қатысуға;


ҚазҰУ спорттық инфрақұрылым нысандарын жеңілдік бағамен пайдалануға;


Магистратура оқу ақысына жеңілдік қарастырылады (Бакалаврдегі дипломы үздік болған жағдайда  – 20%, «жақсы» және «өте жақсы» бағалары бар дипломмен – 15% жеңілдікке ие бола алады);


Университет қабырғасындағы семинарларға, дәрістерге, конференцияларға, кездесулерге, мастер-класстарға қатысуға;


Медициналық орталықтың жеңілдік қарастырылған қызметтерін, фотостудия, кітап дүкені, сұлулық салоны және өзге де «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметтерін пайдалануға;


ҚазҰУ кітапханасының, интернет-кафесінің, тамақтану комбинатының қызметтерін пайдалануға;


Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға,  ҚазҰУ-дың жетекші ғалымдарымен біріге отырып ғылыми жұмыспен айналысуға;


 av.kaznu.kz сайтына түйіндеме немесе сауалнама жүктеуге;


            Бұл жоба «Қазақ университеті» баспа үйінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.