Негізгі бет / Жаңалықтар / Халықаралық аккредитация - маңызды іс Халықаралық аккредитация - маңызды іс

Халықаралық аккредитация – маңызды іс


Университеттің аккредитация бөліміне,  25 ақпан 2016 жылғы мәлімет бойынша, түлектер қауымдастығы, Қазақстанда және шетелдердің ғылыми  және білім беру мекемелерінде қызмет ететін, 1006 түлек туралы ақпарат жеткізді.


Нақтырақ айтар болсақ,  жақында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен 189 түлек туралы ақпарат келіп түсті.  Ал Спорт және туризм академиясынан 38 түлегіміз туралы мәлімет алдық, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде  34 түлегім жұмыс жасайтыны анықталды.  Батыс Қазақстан аймақтық университетінде Орал қаласында 33 ұстаз, университетіміздің түлектері қызмет етеді. Астан қаласындағы Қазақ агротехникалық университетінің кафедраларында 9 түлегіміз жұмыс жасайды.


Ғылыми-зерттеу институттарына келер болсақ,  «География институты» ЖШС  ғылыми жұмыспен 80 түлек айналысады, ал Ғылым комитетінің ақпарат және есеп технологиялары институтында 52 түлегіміз еңбек етеді.


Атап өткен ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарын университетіміздің түлектері басқарады: ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Серік Жайлауұлы Пралиев,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, география  ғылымдарының докторы Ахметқали Рахметтуллаұлы Медеу,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физико-математика ғылымдарының докторы Мақсат Нұрәділұлы Қалимолдаев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Қайруллаұлы Закирьянов, саяси ғылымдар докторы Арын Амангельдинович Орсариев. Бұл кісілер: химия, георграфия, қолданбалы математика және халықаралық қатынастар факультетінің түлектері болып табылады.


ҚазҰУ түлектер қауымдастығы аталған жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары басшылығына, берілген толыққанды мәлімет үшін  алғысын білдііреді.


Түлектердің әрқайсысы халықаралық аккередитацияның университет үшін маңыздылығын түсінеді. Бұл шаралар, тек университеттің бүгінгі басшылығына ғана емес, сондай-ақ түлектер үшінде қажет.  Түлеп ұшқан алтын ұя - ҚазҰУ –дың халықаралық имиджі үшін де маңызы зор!