Негізгі бет / Жетістік тарихы / Ғабдуллин Бигелді Ғабдуллин Бигелді

 

ҒАБДУЛЛИН

Бигелді Қайырдосұлы


                       Б.Қ. Ғабдуллин  -  белгілі журналист, публицист, әдеби критик, «Великое кочевье» бестселлерінің авторы. Өзінің шебер ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, көптеген қазақстандықтардың қызығушылығын тудырған, «Новое поколение» (1993), «XXI век» (1997) и «Central Asia Monitor» (2004) атты республикалық газеттерді жарыққа шығарды. 

 

            Адольф Арцишевскийдің «Бигельды Габдуллин: право на исповедь» атты документалды роман-эссесін оқысаңыз, Бигелді Қайырдосұлының қызметі – тыныштықта отырып айналысатын академиялық қызметтерден, әлдеқайда қиын әрі күрделі жұмыс екенін көре аламыз. Оның интеллектуалдық ізденістер шеңбері әлдеқайда кең, бұл қызметтің тереңдігі мен маңыздылығы өте ауқымды. Бигелді ақиқатты іздеуде өте терең және жүйелі әрекет етеді. «Новое поколение», «XXI век», газеттерінің бұрынғы тігінділерін қарасаңыз, және Central Asia Monitor газетінің бүгінгі басылымдарын қарасаңыз, өткен уақыт интеллектуалымен, өмірі мен бостандығын ақиқат жолына қойған, қазіргі уақыттың заманауи күрескер-ойшылы арасындағы үлкен айырмашылықты сезінесіз. Бигелді 1955 жылы, 31 шілдеде, Ақмола облысы, Макинск ауданы (қазіргі Бұланды ауд.) Красный-Кордон ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы зауыттағы қызметінен бастады. 1974-1976 жылдары әскерде борышын өтеді. Әскерде, өте сауатты байланысшы болып, КСРО  Қаурулы күштері чемпионатында самбодан үшінші орынға ие болып, спорт шебері кандидаты атанды.  ҚазҰУ- да білім алған жылдары, оның есімі «ҚазМУ – дың он үздік спортшысы» атты құрмет тақтасына енді. 1981 жылы ол университетті тәмамдады. 

 

            Студент шағынан бастап-ақ «Казахстанская правда», «Ленинская смена» газеттерінде корреспондент қызметін атқарған. Мәдениет, әдебиет тақырыптарында  көптеген материал әзірлеген. Кейіннен оның мақалалары мәскеулік «Литературная учеба», «Литературное обозрение», «Студенческий меридиан», «Вопросы литературы», және де «Простора» журналдарын жарық көрді. 1989 жылы Б. Ғабдуллин КСРО жазушылар одағының мүшесі болып, Горкий атындағы Әдебиет институтының, жоғары әдебеиет курсының күндізгі бөліміне оқуға түседі. 1991 жылы Әдебиет институтын үздік аяқтап Алматы қаласынан оралады, мұндағы әдеби өмірге араласып, түрлі мақала, пьеса, эссе жазумен және аударма ісімен айналысты.  

 

Ол үшін Олжас Сүлейменов, Ильяс Есенберлин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Мұхтар Шаханов, Әзілхан Нұршайықов, Ғаббас Қобышев, Оралхан Бөкей, Бақытжан Момышұлы сынды шебер жазушылармен достық үлкен өмірлік мектеп болды.          

1991-1992 жылы Ғабдуллин, Олжас Сүлейменовтың «Глиняная книга» поэмасы бойынша,  «Страсть скифа - справедливое несчастье» атты пьеса жазды. Бұл қойылым, Алматы жасөспірімдер  театрында үлкен табысқа ие болды.

 

1993 жылы Б.Ғабдуллин тәуелсіз республикалық «Новое поколение» газетін жарыққа шығарып, 1998 жылға дейін оның редакторы қызметін атқарды. Осы жылдары газет Қазақстан журналисттер одағының лауреаты атанды. 1997 жылдың аяғында ол «XXI век» атты  жаңа газетті жарыққа шығарды. Аз уақыт ішінде газет, терең ойлайтын, деморатияшыл қазақстандықтардың өзіндік трибунасына айналды. Атағы жағынан, «XXI век» газеті, еліміздің көптеген тәуелсіз басылымдарынан әлдеқайда алда болды. Газет,  «Сорос-Қазақстан» қорының, америкалық ЮСИС, және швейцариялық ТМД тәуелсіз газеттеріне берілетін гранттарын жеңіп алды.

             Ғабдуллин есімі, отаны Қазақстанда, Батыс Еуропада, АҚШ-та белгілі. Бұл атақ, ерен еңбектің арқасында келді. Сонау ҚазҰУ-да оқып жүрген кезден бері аңсаған арман-мұраттары, ақиқат үшін күрес оны осы жетістікке жетеледі. 2001 жылы Б.Ғабдуллин АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Оның елге оралуына елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы септігін тигізді.

 

            2004 жылы Б. Ғабдуллин жаңа қоғамдық-саяси басылым «Central Asia Monitor» жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 2006 жылдан бері «Sport&ks» газетін басқарады. 2009 жылдың сәуір айынан бастап, Қазақстан телеарнасындағы «За и против» қоғамдық-саяси ток-шоуынның жүргізушісі. Туған тілі мен орыс тілдерін жетік меңгеруінің нәтижесінде, ол,  Қ. Жұмаділовтың  «Атамекен», Х.Рахимовтың  «Сеңгірдің құпиясы», Т. Жұртбаевтың «Калеки» атты романдарын орыс тіліне  аударды.

2006 жылы Б.Ғабдуллин қазақ PEN-клубының мүшесі атанып, кейіннен оны басқарды. 2008 жылы «Нұр Отан» партиясына енді. «Құрмет» ордені және «Астана 10 жылдығы» медалімен марапатталған. 2008 жылы Қазақстан Республикасының журналистика саласы бойынша премиясы иегері атанды. Бұланды ауданының құрметті азаматы (2009).

Бигелді Ғабдуллин құрметіне айтылған мадақ-мақтаулар артықтық етпес, себебі мұнда жазылғанның бәрі шындық. Керісінше, айтылмай қалған тұстар көп. Ақиқат жолында, өмірін сарп еткелі тұрған шыншыл батыр таурылы айтылар игі сөздің шегі жоқ…