Негізгі бет / Жаңалықтар / Маңғыстау және Үстірт көшпенділерінің ескерткіштері Маңғыстау және Үстірт көшпенділерінің ескерткіштері

 

«Маңғыстау және Үстірт ескерткіштері» атты кітап-альбомының авторы, ҚазҰУ, тарих факультетінің 1975 жылғы түлегі, қазіргі тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Ажиғали болып табылады. Ол этнология-археология, сәулет тарихы сияқты тарих салалары бойынша маманданған. Қазір ҚР БҒМ ғылым комитеті жанындағы, Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.


Кітап-альбом көп жылғы еңбек жеміс болып табылады. 1978 жылдан бастап, Арал-Каспий аймағында, жетуге жолы қиын жерлерде зерттеу жүргізді.


Бұл ғылыми негізге бай, түрлі иллюстрациялармен көркемделген, «Далалық Еурзияның игілігі және қазақ халқының ұлттық абыройы» болып табылатын, Маңғыстау түбегімен, Үстірт шоқысы аймағындағы халық сәулет өнерінің теңдесіз ескерткіштеріне арналған.


Кітап фудаменталды зерттеулер негізінде дайындалды, 12 бөлімнен тұратын кітапта, ерекше аймақтың табиғаты, тарихы, мәдениеті туралы терең мағлұматтар келтірілген. Сонымен қатар, б.з. II мыңжылдығындағы Маңғыстау және Үстірт ежелгі  діни – мемориалды кешендерінің ерекшеліктеріне тоқталған.


Басылымның арнайы бөлімдері: мешіт, мавзолей, құлпытас, сандықтастарға арналған. Сондай-ақ, шеберлердің тас қашау, сәндеу мен көркемдеу өнерін қарастырған.


Әрбір бөлім, ауқымды мәтін мен иллюстрациялы материалдардан тұрады, барлығы 600 сурет қамтылған. Басылымның маңыздылығы, мұндай алғаш рет осы ескерткіштердің толық картасы жасалған. Кітапта глоссарий және әдебиеттер тізімі бар.


Фотосуреттер автордың өзімен, сондай-ақ өзге фотографтардың көмегімен жасалған. Басылым мәтіні жеңіл түрде, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған.


Кітаптың  «Өнер» баспасынан шығуына Маңғыстау облысы әкімдігі септігін тигізді.