Негізгі бет / Жаңалықтар / Біздің элита Біздің элита

 

 

 

 «Біздің элита. Наша элита» кітабы үздік бітірушілер туралы басылым және университет түлектерінің мемлекеттік басқаруға, білім мен ғылымның, мәдениеттің дамуына, инновациялық экономика мен заманауи бизнестің қалыптасуына қосқан интеллектуалдық үлесін бейнелейді.

Отандық білім берудің бренді ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды айқындайтын көрсеткіштердің бірі – бұл университет түлектерінің сұранысқа ие болуы. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны ретінде университетіміздің 140 мың маман даярлағанын атап өтудің өзі жеткілікті. Біздің түлектерімізді Қазақстанның, сонымен қатар әлемнің  барлық елдерінен кездестіруге болады. Олар мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда, банктарда, фирмаларда, жоғары оқу орындары мен мектептерде, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес-құрылымдарда қызмет атқарып жүр.

Кітапқа 229 мемлекет және қоғам қайраткерлері; ғылым дамуына үлес қосқан танымал ғалымдар; Мемлекеттік сыйлықтың, ҚР үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы мен атаулы сыйлықтардың иегерлері; ҚР жоғары мемлекеттік сыйлықтарымен марапатталған тұлғалар; сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына қомақты үлес қосқан республикамызға танымал бизнесмендер мен меценат тұлғалардың есімі жинақталды.

«Біздің элита. Наша элита» кітабының екінші томын алам деушілер, ҚазҰУ түлектер қауымдастығына мына нөмірлер арқылы хабарласса болады: 8 7273773360 және  +77073418398. E-mail:Kulgazira_777@mail.ru