Негізгі бет / Құттықтаулар! / Нағима Әбенқызы Айтхожина | Нағима Әбенқызы Айтхожина |
|
Нағима Әбенқызы мерейтойыңыз құтты болсын!
Нағима Әбенқызы Айтхожина 1946 жылы, 22 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келген. 1969 жылы ҚазМУ-дың биология факультетін тәмамдаған. КСРО ҒА молекулярлы биология институтының аспиранты (1970-1973), Қазақа АКСР-нің ботаника институтының кіші және аға ғылыми қызметкері болған (1973-1983), Қазақ АКСР-нің молекулярлы биология және биохимия институтының аға ғылыми қызметкері және жетекші ғылыми қызметкері (1983-1989), 1989 жылдан бастап лаборатория меңгерушісі, (1988-1990), директор орынбасары, ( 1990 жылдан, қазіргі уақытқа дейін) М.Ә. Айтхожин атындағы молекулярлы биология және биохимия институтының директоры. Айта кететін жайт, осы институттың негізін қалаған және алғашқы директоры болған Мұрат Әбенұлы Айтхожин – академик, Ленин сыйлығының лауреаты, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ түлегі болып табылады. Cонымен қатар, Нағима Әбенқызы (1996-1999) ҚР Ғылым Академиясы биология және медицина бөлімінің академик-хатшысы лауазымына тағайындалды, (1999 қаңтар - 2002сәуір) аралығында ҚР ҰҒА президенті болған. Нағима Әбенқызы – молекулярлы биология саласында танылған маман, биология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1995), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі (1995), ҚР ҰҒА академигі (2003), Нью-Йорк ғылым академиясының тұрақты мүшесі (1994). «Парасат» орденімен (2001), Қазақ АКСР-нің жоғарғы кеңесінің алғыс хатымен марапатталған. Кеңес әйелдері комитеті атынан КСРО халық депутаты (1989-1991). ҚР президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі. Халықаралық биохимиктер және молекулярлы биологтар (IUBMB) қауымдастығының мүшесі. ҚазҰУ түлектер қауымдастығы Нағима Әбенқызын мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және шығармашылық табыстар тілейді!
|