Негізгі бет / Құттықтаулар! / «ҚАЙНАР» Университетінің Ректоры Еренғайып Омаровтың құттықтау сөзі «ҚАЙНАР» Университетінің Ректоры Еренғайып Омаровтың құттықтау сөзі

Әл-Фараби атындағы

 ҚазҰУ ректоры,

академик Ғ.М. Мұтановқа

 

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!

 

ҚазҰУ түлектері механико-математика факультетінің  залына, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың есімі берілгеніне, факультеттің үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындалғаны дән риза. Ұрпақ арасындағы сабақтастық, университетіміздің үздік дәстүрлерінің сақталуы, сіздің жетекшілігіңізбен жүзеге асырылып отыр.

Қазақ мемлекеттік университеті, Өмірбек Арысланұлының жетекшілігімен, Кеңес Одағындағы ең үздік университеттер қатырында енді. Біз, 1972 жылғы түлектер, Өмірбек Арысланұлының тұсында оқығанбыз. Бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ отандық білім беру ісінің үздігі. Және біз -  Қайнар Университеті оны үлгі тұтамыз! Университетке үлкен табыстар тілей отырып, ұстаз, ғалым, отанының патриоты, азаматы -  Өмірбек Арысланұлының игі жолы жалғастыруды тілейміз!

        

 

                       Құрметпен,

                       «ҚАЙНАР» 

                        Университетінің  Ректоры                                                                          Еренғайып  Омаров