Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, көрнекті дипломат және мемлекет қайраткері Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі Жаслан Хасенұлы Мәдиев 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды.
2026 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын Қазақстан Республикасының Вице-Президенті лауазымына ұсынды. Құрылтай депутаттарының қолдауынан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті қызметіне тағайындалды.

















