Негізгі бет / Құттықтаулар! / Қадірлі Олжас Омарұлы! | Қадірлі Олжас Омарұлы! |
|
Қадірлі Олжас Омарұлы!
Сіз қазақ елінің халықаралық деңгейдегі ақыны, мемлекет және қоғам қайраткерісіз. Қазақ халықына қорған болу мақсатында түрлі мінбелерден үн қату, өзі үлгі көрсету арқылы халықты рухтандыру – Сізге Құдіретті күштің арнайы ұйғарымымен берілген тәрізді. 1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Невада –Семей» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қостыңыз. 2001 жылы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі қызметін атқардыңыз. 2018 жылдан бастап Сіз ЮНЕСКО-ның қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын басқарауда іскерлігіңізбен танылдыңыз. Сіздің өміріңіз – Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі!
Аса құрметті Олжас Омарұлы!
Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын! Сіз – халқыңыздың мақтанышысыз! Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті де Сізді мақтан тұтады! Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, ғылым саласында жаңа табыс, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми
Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 ж.
Поздравительный адрес0004(1) (1).pdf
|