Негізгі бет / Құттықтаулар! / ҚазҰУ Механика және қолданбалы математика факультетінің 1986 жылғы түлегі Тахир Баратовтың құттықтау телеграммасы | ҚазҰУ Механика және қолданбалы математика факультетінің 1986 жылғы түлегі Тахир Баратовтың құттықтау телеграммасы |
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтановқа Әл-Фараби даңғ., 71 Алматы қ., Факс: 8(727)3773344
Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!
Біз, ҚазҰУ түлектері, 1 наурыз - көрнекті ғалым, білім мен ғылымның ұйытқысы болған, академик - Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туған күні екенін әрдайым жадымызда ұстаймыз. Механико-математика факультетінің залына, Ұстазымыздың, ректорымыздың есімі берілгеніне, факультеттің үздік студенттеріне шәкіртақы тағайындалғаны өте қуаныштымыз. Бұл ұрпақ арасындағы сабақтастығы мен зор тәрбиелік сарынның көрінісі іспеттес. Университетіміздің игі дәстүрлері сіздің жетекшілігіңізбен сақталып келе жатыр, және бұл үшін түлектер сізге алғысын білдіреді! Осыған орай, барша профессорлар және оқытушылар құрамын, университет тарихындағы айтулы күнмен құттықтай отырып, үлкен табыстар мен еңбекте жеміс тілеймін! Өмірбек Арысланұлының өмірлік ісін, әрі қарай жалғастыратын дарынды ұрпақтың бары сөзсіз!
Құрметпен, ҚазҰУ Механика және қолданбалы математика факультетінің 1986 жылғы түлегі выпускник Тахир Баратов Лондон қ., Ұлыбритания. 29.02.2016 ж. |