Негізгі бет / Жетістік тарихы / Сулейменов Рамазан Бимашұлына - 85 жас | Сулейменов Рамазан Бимашұлына - 85 жас |
|
Cүлейменов Рамазан Бимашұлына – 85 жас
Рамазан Бимашұлы Сүлейменов - тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі (1989), Ш.Ш. Уалиханов атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты (1973) және Алматы қаласындағы алғашқы Шығыстану орталығының директоры. Рамазан Сүлейменов 1931 жылы, 17 ақпанда Ақмолада дүниеге келген. Оның әкесі Бимаш, революцияға дейінгі уақытта Сәкен Сейфуллинмен қызметтес болып, «Жас қазақ» жастар ұйымының мүшесі болған. Рамазан ҚазМҰ-да оқып жүргенінде, тарих ғылымдарының докторы, профессор болған алғашқы қазақ, бостандыққа шықаннан кейінгі жылдары университеттегі «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған Ермұхан Бекмахановтың дәрісін тыңдаған. Оқуды үздік бітірген жас маман, 1956 жылы аспирантураға шақырту алады. Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының, асперантурасындағы жетекшісі, әлемдік әдебиет классигі, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов болған. Ұлы жазуышының шәкірттеріне қоятын талабы, оның ғылымға деген сүйіспеншілігі, жас маманның адами және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізді. Сондай-ақ КОКП XX съезіндегі «хрущев жылымығы» сталиндік қатаң қатқыл қағидалардан ажырап, ғылыми ойларды дамытуға негіз болды. Әрине, Рамазан Бимашұлыда бұл кездерде қалыс калмады. 15 сәуір 1961 жыл, диссертация қорғауында М.О. Әуезовтың өзі болған, ал ресми жетекшісі, ҚазМУ тарихтан кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша ғылыми кеңестің төрағасы - Ермұхан Бекмахановтың өзі болған. Қоғамның мәдени дамуы мәселелеріне Р. Сүлейменов әрдайым қызығушылық танытады. Ол, Әл-Фараби, Шоқан Уалиханов, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Тұрар Рысқұлов тұлғаларының тарихтағы орнын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Парасаттылық, өнегелік сынды қасиеттер Рамазан Бимашұлына тән, Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының директоры болған уақытында, Қазақ АКСР Ғылым Академиясының, қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы болған кезінде, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы сынды ұлы тұлғаларды ақтап алуға әрекет жасады. Алматы медицина институтына Санжар Асфендияровтың, Тілтану институтына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беруге көп ат салысты. Археология институтының құрылуымен, оған академик Әлкей Хаканұлы Марғұлан есімін беру үшін көп еңбек сіңірді. Рамазан Сүлейменұлы ориенталистика бағытында көп жұмыс жасады. Соның ішінде, отандық және шетелдік ғалымдардың жақсы бағасын алған: «Шоқан Уалиханов – шығыстанушы», «Қазақстан, Орта және Орталық Азия XVI-XVIII ғ.», «XVIII ғ. Қазақстан тарихы (Абылайдың ішкі және сытрқы саясаты жөнінде»). 1992 жылы, 13 ақпанда арнаулы Шығыстану ғылыми орталығының ашылуына қол жеткізіп, оның директоры атанды. Бұл айтулы оқиға, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы қиын уақыттарға тұспа тұс келді. Бұл кезеңдегі кадрлардың жетіспеушілігін, Рамазан Бимашұлы, Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Душанбе, Владивостокта тәрбиелеген шәкірттерімен толықтырды, себебі бұл кезде Қазақстанда, ҚазҰУ шығыстану факультеті болмағанды. Сондай-ақ, Рмазан Бимашұлы Альма-матерде жиырма жыл дәріс оқыған. Осы ретте, ол бірнеше тарих ғылымдарының докторлары, 30 ғылымдар кандидатын даярлап шығарды. Ғылыми мектеп, Шығыстану орталығын қайта құруға септігін тигізді. 1992 жылы, 23 мамырда Рамазан Бимашұлының қазасынан кейін, ол жекелеген институт ретінде қызметін жалғастырды. 1996 жылы Қазақстан өкіметі, Шығыстану институтына Р.Б. Сүлейменовтың есімін берді.
|