Негізгі бет / Жетістік тарихы / Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов

 

 

 

  1976 жылы 11 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетін бітірді.

 2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2017 жылдан бері Эстония Республикасында да тиісті миссиямен аккредиттелген.

Дипломатиялық дәрежесі - II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

М.Нұртілеуов ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылдан бері жұмыс атқаруда. Дипломатиялық карьерасын референт, кейін Мемлекеттік Протокол Қызметінің Атташесі лауазымдарынан бастады.

  1999 – 2003 жж. жас дипломат Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігіне Атташе ретінде ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарға жолданып, Қазақстанға оралысымен, еңбек жолын ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка Департаментінің Екінші хатшысы қызметінде жалғастырды.

  2004 жылдан ҚР Сыртқы істер Министрінің Кеңесшісі болған. Үш жылдан соң, М.Нұртілеуов Сыртқы істер Министрдің Канцеляриясын басқарды.

Сол жылы ол ҚР Парламенті Сенатының Аппаратына ауысып, онда Аппарат басшысының орынбасары, көп ұзамай Аппарат Басшысы лауазымдарына тағайындалды.

Парламент Сенатының халықаралық қызметі аясында М.Нұртілеуов Қазақстан мен Елбасының бірқатар маңызды халықаралық бастамаларын жүзеге асыруға да атсалысты. Атап айтқанда, 2008 жылы Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының XVII сессиясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ведомствоаралық Жұмыс тобын басқарды. Бұл іс-шара ТМД кеңістігіндегі аталған Ұйымға мүше елдер заң шығарушыларының алғашқы ірі форумы болды, сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылдағы осы беделді халықаралық құрылымдағы төрағалығы үшін маңызы зор қадамдар қатарын толтырды.

Елбасының Жарлығымен 2009 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезін дайындауға және өткізуге жауапты Мемлекеттік Комиссияның хатшысы миссиясының тапсырылуы да оның Қазақстан Республикасының өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға бағытталған сыртқы саяси басымдығын ілгерілетуге үлес қосына мүмкіндік берді.

  2011 жылы дипломатиялық қызметке қайта оралған М.Нұртілеуов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі компетенциясы шеңберіндегі еліміздің парламентаралық векторы және Азия құрлығы мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне аса қызығушылықпен кірісті. Көп ұзамай ол Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшесі - Азия және Африка департаментін басқарады.

  2011 жылғы желтоқсанда Женева қаласындағы ҚР-дың БҰҰ Бөлімшесі және басқа да Халықаралық Ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінде Кеңесші-уәкілі лауазымында қызмет ету құрметіне иеленіп, онда баламасы жоқ көпжақты механизм – Қарусыздандыру жөніндегі Конференцияда ядролық қарусыздандыру проблемаларымен айналысты. Қазақстандық делегациялар құрамында ол Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші Комитеті мен Венадағы ЯҚТШ Шолу Конференциясы сессиялары аясындағы келіссөздерге бірнеше рет қатысты. Женева қауіпсіздік саясаты орталығының (GCSP) мүшесі.

Сондай-ақ, 2014 – 2016 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және талдау орталығы Басшысының орынбасары лауазымындағы ерекше қызықты әрі жауапты қызметті М.Нұртілеуов өзінің маман ретінде шыңдалуы тұрғысынан айрықша кезең деп санайды.

Қазіргі таңда М.Нұртілеуов өзі басшылық етіп отырған ҚР Хельсинки мен Таллинндегі дипломатиялық өкілдіктердің бар күш-жігерін аккредиттелген елдерімен екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық әс-кооперацияны дамытуға бағыттауда. Осы орайда, ФР Президенті С.Ниинистөнің «ЭКСПО-Астана-2017» Мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысу үшін Қазақстанға жасаған жұмыс сапары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы қазан айында Финляндияға шеккен ресми сапары, сондай-ақ ЭР Премьер-Министрі Ю.Ратастың 2018 жылғы қарашада Астанаға ресми сапармен келуі шоқтығы биік оқиғалар болғаны сөзсіз.

«Құрмет» орденімен (2010 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2018 ж.), медальдармен және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған (2011 ж.).

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Отбасында төрт ұлы тәрбиелеп отыр.