Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті онлайн режимінде «Түлектер күні – 2020» кездесуін өткізді.
Кездесуге философия және саясаттану факультетін бітірген түлектер, сонымен қатар факультет оқытушылары қатысты. Кездесуді факультет деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Алия Рмгазиевна жүргізді.
2020 жылдың 30 мамыр күні ақпараттық технологиялар факультетінде түлектер Ассоциациясының кеңесі өтті. Сондай-ақ, "Ақпараттық жүйелер", "Информатика" және "Жасанды интеллект және Big Data" кафедраларында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "ҚазҰУ Түлектерінің күні" аталып өтті. Іс-шара биыл дәстүрлі емес онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді.
Түлектер қауымдастығының кеңесін Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Урмашев Байдаулет Амантаевич бітірушілер қауымдастығы туралы ақпараттық хабарламамен ашты.
Ғұлама ойшыл, Шығыстың жауһары Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні академиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні 2020 жыл 30 мамырда осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы дәстүрлі отырысын 2020 жылдың 30 мамырында сағат 12.00-де онлайн режимінде өткізді.
Әр түрлі жылдардағы Экономика және бизнес жоғары мектебінің түлектері, қазіргі таңдағы мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғам, бизнес-қауымдастық, Қазақстан, алыс және жақын шетелдерден келген серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, ЭжБЖМ оқытушылары мен студенттері Zoom платформасында Түлектер күніне белсенді қатысты.
2020 жылдың 30 мамыр күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті ұлы ғұлама әл-Фарабидің 1150-жылдығы аясында дәстүрлі «Түлектер күні» мерекесін алғаш рет zoomжүйесінде онлайн форматта салтанатты түрде өткізді. Бұл шараға Тарих, археология және этнология факультетінің мерейлі 1975, 1980, 1985, 1990, 2000 жылдарғы түлектері және басқа да жылдары бітірген түлектеріміз өатысты. Қатысқандардың жалпы саны 62 қатысушыны құрады.
Биылғы жылы География және табиғатты пайдалану факультеті Түлектер қауымдастығы Кеңесінің жыл сайынғы түлектердің дәстүрлі кездесуін ZOOM платформасында өткізді https://youtu.be/EQD55hdLJmg
Сөз басында, география және табиғатты пайдалану факультетінің тарихы мен жетістіктері жайлы, факультеттің Түлектер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Сальников В.Г. таныстырып, түлектерге ерекше мақтаныш сезімін ұялатты.
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаевтарнегізін қалаған филология және әлем тілдері факультететінің тарихы терең, дәстүрі бай. Факультетте қазақ әдебиетінің классигі, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорынан орын алған академик-жазушы Мұхтар Әуезов 30 жылға таяу еңбек етті. Филология және әлем тілдері факультетін бітірген түлектер арасынан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың ішіндеМырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уалихан Қалижанұлы, Жансейіт Түймебаев, Алдан Смайыл сынды дара тұлғалар бар.Атақты ақын-жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Дулат Исабеков сынды қазақ руханиятындағы орны бөлек ақын-жазушы түлектерін факультет қашанда мақтан тұтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі жыл сайын мамыр айының соңында өтетін «Түлектер күні» салтанатты жиыны болып өтті. Жиынды жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Әділханова кіріспе сөзбен ашып, келген қонақтарды қабылдады.