Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

«Bіzdіń elıta. Біздің элита» 4 томдығы дайындық үстінде

   

Университет ҚазҰУ-дың танымал түлектерінің есімдері кіретін «Bіzdіń elıta. Біздің элита» кітабының 4-ші томын шығаруға дайындалуда.         

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды отандық білім беру бренді ретінде анықтайтын көрсеткіштердің бірі - бұл түлектердің жоғары сұранысы.

Біздің замандастарымыздың кәсіби жетістіктерін насихаттау мақсатында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың танымал түлектері жайлы «Bіzdіń elıta. Біздің элита» үш томдық кітабы дайындалып, басып шығарылды.

Үш томдықта 672 көрнекті тұлғалар туралы қысқаша очерк берілген. «Bіzdіń elıta. Біздің элита» жобасының бас редакторы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми – ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы,  заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының президенті.

 ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы факультеттермен бірлесе отырып, 4 томдық кандидатуралар тізімін құрастырады. Сіздердің негізделген ұсыныстарыңызды төмендегі электрондық поштаға жіберулеріңізге болады: kulgazira_777@mail.ru

 

Басылым күні: 17-мау-20