Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Философия және саясаттану факультеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті онлайн режимінде «Түлектер күні –  2020» кездесуін өткізді.

Кездесуге философия және саясаттану факультетін бітірген түлектер, сонымен қатар факультет оқытушылары қатысты. Кездесуді факультет деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Алия Рмгазиевна жүргізді.

Кездесу ҚазҰУ ректоры, ҚРҰҒА академигі, т.ғ.д. Мұтанов Ғ.М. және ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті, з.ғ.д., профессор Мами Қ.Ә. құттықтау видеосымен басталды.

Кездесуде академик Ғарифолла Есім, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Нукенов Абзал  Нукенұлы,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі департаментінің директоры Тойбаев Әділет Жүнісұлы, Абай атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, ҚР БжҒМ ФСжДИ дінтану бөлімінің ғылыми қызметкері, философия ғ.д., профессор Сейтахметова Наталья Львовна, 1975 жылғы ФЭФ түлегі, философия ғ.д., профессор Котошева Кайни Кенжетаевна, факультет түлегі, Туран астана инновациялық технология университеті «педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Асқарқызы Самал, факультеттің 2020 жылғы түлегі Смағулова Жұлдыз және басқа да түлектер өз тілектерін айтты.

Факультет түлектері өздерінің жетістіктерімен бөлісті, алған білімдері олардың кәсіби қызметіне қалай көмектесетіні туралы айтып берді.

Философия және саясаттану факультеті барлық түлектерге факультетті қолдағандары және ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Кездесу ҚазҰУ түлектерінің дәстүрлі «Армандастар – Құрдастар» әнімен аяқталды.

Басылым күні: 4-мау-20