Сондай-ақ жоба шеңберінде, ҚазҰУ дамуының эндаумент-қорына ерікті түрде салым жасаған меценаттар мен демеушілерге қошемет көрсетіледі. Студенттер сарайының сахнасында, түлектер өздерінің кәсіби жетістіктерімен бөлісе отырып, салтанатты түрде студенттерге шәкіртақы ұсынып, факультеттер мен кафедралараға сый-сияпат сыйлайды. Дәстүрлі түрде, түлектердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Содан соң, факультеттер қабырғасында түлектер кездесуі жалғасын табады. Мерекелік іс-шара, Әл-Фараби атындағы кітапхананың 4 қабатында орналасқан фоейде өтетін түлектер баллында аяқталады.
Жоба, университет және факультеттер дәстүрлерін сақтап қалуға, сондай-ақ студенттердің бойында таңдаған мамандыққа деген сый-құрметті қалыптастыруға бағытталған. Биылғы жылы түлектер 27 мамырда (немесе басқа күні) ҚазҰУ қалашығында фототүсірілімге (фотограф: Марат Кенесович 87013145910) тапсырыс бере алады.
Түлектер күніне байланысты ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді факультет бойынша үйлестірушілерге жіберсеңіз болады. Олардың электронды мекен-жайы және телефон нөмірлері мына сілтемеде көрсетілген http://av.kaznu.kz/ru/22914/
Түлектер қауымдастығының байланыс нөмірлері: 87273773360, WhatsApp +77073418398.