Негізгі бет / Наша элита / Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев | Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев |
|
Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі. 1967 жылы Жамбыл қаласында туған.1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастаған, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді. 1997-1998 жж. — ҚР Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры. 1998-2000 жж. — «Қазақстан темір жолы» РМК департаментінің директоры. 2000-2002 жж. — «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ААҚ-ның бірінші вице-президенті; бас менеджері, қайта құру жобасын басқару тобының жетекшісі. 2002-2004 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры. 2004-2007 жж. — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2007-2020 жж. — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2011 жж. — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі; басқарушы директоры. 2011-2014 жж. — индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі. 2014-2016 жж. — қорғаныс министрінің орынбасары. 2016-2017 жж. — ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы. 2017-2018 жж. — Шымкент қаласының әкімі. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды. |