Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Айбек Сыдықов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбек Жексенәліұлы Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

 

 

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

 

 

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.

 

2007–2015 жылдары «Алматы қаласы тарихы музейінде» ғылыми қызметкер, директордың орынбасары, кейін директоры болып жұмыс істеді.

 

2015–2016 жылдары «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры қызметін атқарды.

 

2016–2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК-да мұражай бөлімінің басшысы, кейін директордың орынбасары болды.

 

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары қызметін атқарды.

 

 

ҚазҰУ түлектер қауымдастығы Айбек Сыдықовты жаңа қызметімен құттықтайды және алдағы қызметіне табыс тілейді!

 

 

Дереккөз:

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы. (2025). Айбек Сыдықов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Қолжетімді: https://primeminister.kz/hrpolitic/appointments/aybek-sydykov-kr-madeniet-zhane-akparat-vice-ministri-bolyp-tagayyndaldy-140137 [Кіру күні: 04.02.2025].

Басылым күні: 04.02.2025