Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.


Әсет Нүсіпов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Иллинойс технологиялық институтының (АҚШ) түлегі.


Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ менеджері ретінде бастаған (Алматы қ.).

2006-2008 жылдары «Flagship Ventures» венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (Кембридж, АҚШ) және «Small Enterprise Assistance Funds» халықаралық инвестициялық фирмасында (Вашингтон, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

2008-2010 жылдары «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Азия даму банкі Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің консультанты, «Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы» ЖМ директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2010-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы және сектор меңгерушісі болды.

2015-2021 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.


ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы Әсет Нүсіповтың жетістіктерін мақтан тұтады және оны жаңа лауазымымен құттықтайды!


Дереккөз:

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің ресми сайты. (2025). Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды. Қолжетімді: https://primeminister.kz/hrpolitic/appointments/aset-nusipov-kr-sauda-zhane-integraciya-vice-ministri-bolyp-tagayyndaldy-3003332 [Кіру күні: 04.02.2025].

Басылым күні: 30.01.2025