2025 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Асқар Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Жеңіс Асқар Жеңісұлы 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жеңіс Асқар Жеңісұлының тағайындалуы Қазақстан мен Египет арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастарды нығайтуға бағытталған. Египет – Қазақстанның сауда, туризм және мәдени алмасу саласындағы маңызды серіктесі.
Біз Жеңіс Асқар Жеңісұлын осы жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – оның ерекше еңбегінің және кәсіби шеберлігінің мойындалуы. Ол – еліміздің мақтанышы, және біз оның осы қызметтегі жұмысы Қазақстан үшін үлкен жетістіктер әкелетініне сенімдіміз.
Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-zharlyktarymen--5029 [Қолданылуы 20 қаңтар 2025 ж.].