Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Қазақстан республикасының ресей федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісінен құттықтау хат

Түлектер қауымдастығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Даурен Асқарбекұлы Абаевтан университеттің 90 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаты келгенін мақтанышпен хабарлайды.

Өз құттықтауында Даурен Асқарбекұлы университеттің еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген жоғары білікті мамандар даярлаудағы орасан зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың ғылым мен білім саласын дамытудағы көшбасшылық рөлін айрықша атап, осы беделді оқу орнының түлегі екенін әрқашан мақтан тұтатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Елші ҚазҰУ-дың Ресейде шетелдік жоғары оқу орындарының ішінде алғашқы болып өз филиалын ашқан тарихи жетістігін ерекше атап өтіп, бұл қадамның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам екенін айтты.

Даурен Асқарбекұлы Абаевқа ыстық лебізі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

Басылым күні: 20.12.2024