Құрмансейіт Батырхан студенттік жылдары күрделі жапон тілін үйренуде тамаша қабілет көрсетіп, осы орайдағы жетістіктері үшін Жапонияның Ресей Федерациясындағы Елшісінің, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің, әл-Фараби ҚазҰУ ректорының мадақтау хаттарымен марапатталды. Қазірдің өзінде дипломат бола тұра, 2009 жылы Токиода тіркелген дипломаттар арасындағы 12-ші шешендік өнер байқауында жеңімпаз атанды.
Еңбек жолын "NIKA service-1"ЖШС компаниясының директоры болып бастаған. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка Департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Жапониядағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-елшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының инспекторы, "Атамекен" ҰКП сыртқы сауда палатасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сектор меңгерушісі, 2015-2016 жылдары "Атамекен" ҰКП бас директоры қызметтерін атқардыЖаңа Және Сирек Ресурстар", 2017-2018 жылдары ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы. 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, 2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
Бүгінгі таңда Құрмансейіт Батырхан Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі болып табылады. Құрмансейіт Батырхан Қазақстанда жапон тілін оқитын студенттер арасында шешендік өнер байқауы,сондай-ақ Жапония университетінің студенттері үшін көшбасшылық дәрістер мен қысқы мектептерді ұйымдастыру сияқты барлық маңызды іс-шараларға қатыса отырып, факультеттің дамуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ жапон бөлімшесінің студенттерін оқытуға арналған аудио-бейне аппаратурасын алуға жәрдемдеседі.