Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Экономика және бизнес жоғары мектебі

2019 жылы тарихы тереңнен бастау алатын, еліміздегі ең алғашқы экономикалық мектеп өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті!

 

Бүгінгі таңда бұл экономика саласындағы жоғары білікті мамандардың беделді шоғыры ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты «Ғылым Ордасымен» бірлесе магистранттар мен докторанттар даярлайтын, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық гранттық жобаларды жүзеге асыратын ірі ғылыми орталыққа айналды.  Қазіргі таңда жалпы бюджеті 814,000 еуро болатын Еуроодақтың Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту – ENINEDU» жобасы сәтті аяқталуда.

2019 жылы тарихы тереңнен бастау алатын, еліміздегі ең алғашқы экономикалық мектеп өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті!

 

Бүгінгі таңда бұл экономика саласындағы жоғары білікті мамандардың беделді шоғыры ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты «Ғылым Ордасымен» бірлесе магистранттар мен докторанттар даярлайтын, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық гранттық жобаларды жүзеге асыратын ірі ғылыми орталыққа айналды.  Қазіргі таңда жалпы бюджеті 814,000 еуро болатын Еуроодақтың Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту – ENINEDU» жобасы сәтті аяқталуда. Осы жобаның маңызды нәтижесі ретінде бір жыл бұрын құрылған Бизнес-құзіреттілікті дамыту кластерін атап өтуге болады. Кластердің құрамына Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы, Биржалық технологиялар орталығы, Исламдық қаржыландыру орталығы және MBA, ЕМВА және DBA бағдарламаларын оқытатын әл-Фараби бизнес мектебі кіреді.

Экономика және бизнес жоғары мектебі экономика, менеджмент, маркетинг, логистика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, инновациялық менеджмент сияқты кең спектрлі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Олардың барлығы халықаралық агенттікте аккредитациядан өткен (FIBAA). Магистратура деңгейінде екі дипломдық бағдарламалар (РУДН университетімен, Мәскеу) және исламдық қаржыландыру бойынша Хамад-бин-Халифа (Катар) университетімен, е-коммерция және Big Data бойынша ақпараттық технологиялар факультетімен бірлескен бағдарламалар жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында да жетістіктер аз емес: Экономика және бизнес жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының 50%-дан астамында Scopus базасы бойынша Хирш индексі бар және олар белсенді түрде жоғары рейтингті журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды. Академиялық ұтқырлық жылдан жылға артып келеді – жыл сайын факультет қызметкерлері мен білім алушылар шетелде тағылымдамадан өтсе, шетелден оқуға келетін студенттер мен магистранттардың саны да еселеп артып келеді.

 

 

Басылым күні: 27-мам-20