Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесінде (ҚР ОМА)  және Қазақ ұлттық университеті Түлектерінің ассоциациясы «Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында. Құпиясыздандырылған құжаттар» атты дөңгелек үстел және көрме өткізеді.

Көрменің негізгі мақсаты архивте сақтаулы Ұлы Отан соғысына қатысқан жеке тұлғалардың, 316 атқыштар дивизиясы (8 Панфиловтік гвардиялық атқыштар дивизиясы) майдангерлерінің,  № 1146 «Казахский военный комиссариат (Казвоенкомат)» архив қорының 1938-1945 жылдар аралығындағы құпиясыздандырылған құжаттарын  фрагментті түрде көрсету болып табылады.

Көрмеге қойылған құжаттар жалпы халықты Қызыл әскер қатарына алу, мобилизациялау, азаматтарды шақыру, 316 атқыштар дивизиясы  (8 Панфиловтік гвардиялық атқыштар дивизиясы), 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасы және т.б. туралы мәліметтер береді.

Дөңгелек үстелдің және көрменің тұсаукесер бағдарламасында 2010 жылы КТК телеарнасы түсірген  100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасының құрылуы және оның майдан жолы тарихын бейнелейтін «Стертые имена» атты деректіфильмді көрсету жоспарлануда.

Іс-шараға қатысу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ғалымдар, архивистер, әскерилер, өлкетанушылар, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан Консулдықтары, ЮНЕСКО, қоғамдық және бұқаралық ақпараттар құралдары өкілдері шақырылды.

Дөңгелек үстел және көрменің тұсаукесер рәсімінің басталуы  2019 жылдың 4 мамыры, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің конференц-залында өтеді.

Ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласу қажет: 8(727) 2720377, 8 (727) 2720334

 

Басылым күні: 6-мам-19