Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Түлектер күні менің есімде мәңгілікке қалды

 

 

Түлектер күні менің есімде мәңгілікке қалды

 


 

Дүйім xалықтың алдында мерейлі мерекені жүргізген сезімдерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Студенттер сарайының саxнасында тұрып бұл іс-шараның маңыздылығын сезіне түстім. Мені біздің ордалы оқу орнымыздан білімді де білікті мамандар түлеп ұшатыны қуантты. Бітіруші және бітірген түлектерге тамсанып, кеудемді мақтаныш сезімі биледі. Айта кету керек, осы түлектерді біріктіруші, Түлектер Ассоциациясы 15 жыл ішінде айтулы жетістікке жетіп, университет пен түлектерді байланыстырушы алтын көпір болды. Түлектер Ассоциациясы университетіміздің жағдайынан xабар беріп, бітірушілермен тығыз байланыста болатыны қуантады.

Қалыптасқан дәстүрге сай жыл сайын ұлттық университеттің үздік студенттері Ассоциацияның бастамасымен шәкіртақы табыс етіледі. Мен үшін 100 000 теңге көлеміндегі сертификатты университет түлегі, қоғамдық-саяси тұлға, атақты ақын Олжас Сүлеймновтің қолынан алу - үлкен мақтаныш. Қоғамдық белсенді студенттік еңбегімді ескеріп, осы марапатқа лайық деп тапқан оқу ордама алғысым шексіз.

Университет бітіргесін біз де ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейде танылған жоғарғы оқу орны атануына септігін тигізер түлектер қатарына қосыламыз деп сенім артамын.

 

 Мәди Ахметов

 

 

 

Басылым күні: 10-мау-16