Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

 

Нұрымбетов Б.Б. 1968 жылы Жамбыл облысы Луговой (Т.Рысқұлов) ауданының Абай ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «механика және қолданбалы математика» мамандығы, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. ҚСРО әскери күштері қатарында қызмет өтті (1986-1988).

 

Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, бөлім бастығы (1993-1996); Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (1996); Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі (1997); «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМКК Жамбыл облысы бойынша бөлімшесінің директоры (1997-2008); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (2008-2009); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2009-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2012-2015) қызметтерін атқарған. 2015 жылғы 01 маусымнан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2013) марапатталған.

Басылым күні: 1-қаң-14