Негізгі бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

2024 жылғы 15 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның басқа да маңызды дипломатиялық қызметтерінде қызмет атқарған.

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

2024 жылғы 15 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне қоса тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылған (Akorda, 2024).

Үздік түлектерге диплом табысталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бітіруші түлектерге арналған салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.  Биыл көшбасшы жоғары оқу орнын 3702 түлек бітіріп отыр. Оның ішінде 2143-і бакалавр, ал олардың арасынан 659 жас «Үздік диплом» иегері атанды. 1559 түлек магистр дәрежесіне ие болды. Сонымен қатар бітірушілер қатарында 60-қа жуық мемлекеттен келген 1325 шетел азаматы бар.

ҚазҰУ тарихшыларының іргелі ғылымды дамытуға қосқан үлесі

2024 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қ.) "Алматы облысының Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының қалдықтарын археологиялық верификациялау және тарихи сәйкестендіру: пәнаралық зерттеулер" ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті.

«Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования» атты кітабының тұсаукесері

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті «Археологическая верификация и историческая идентификация останков жертв политических репрессий в селе Жаналык Алматинской области: междисциплинарные исследования» атты ұжымдық монографиясын ұсынады.

Нұрболат Масанов-ғалым және азамат

2024 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында (Алматы қ.) "Қазақстанның тарихи және қоғамдық-саяси ой-өрісін қалыптастырудағы Нұрболат Масановтың рөлі"тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ол 1976 жылы ҚазМУ тарих факультетінің түлегі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттанушы және қоғам қайраткері Нұрболат Эдыгеевич Масановтың туғанына 70 жыл толуына арналды.

 

 

Ғылымды дамыту-өркендеудің кілті

Әр елдің дамуында ғылым шешуші рөл атқарады. Бүгінгі таңда елдегі осы әрдайым өзекті қызмет саласына ерекше назар аударылады. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды құруға, экономиканы дамытуға, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Елдегі ғылымды дамыту мемлекет, бизнес, білім беру мекемелері мен жұртшылықтың қатысуымен кешенді тәсілді талап етеді.

Қалыш Аманжол Боранбайұлының 70 жас мерейтойы!

 

Қалыш Аманжол Боранбайұлының 70 жас толуына орай арналған «Еуразия кеңістігіндегі этнология мен антропологияның өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

Философия және саясаттану факультеті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кандидатурасын ұсынады

Жазықбай Дархан Медеғалиұлы факультеттің барлық маңызды іс-шараларына және факультет өміріне белсенді қатысады. Жазықбай Дархан Медеғалиұлы факультет, университет түлектерін мемлекеттік қызметтегі кәсіби қызметінде қолдайды.