Негізгі бет / Демеуші / Қор туралы | Қор туралы |
|
Эндаумент-қор – заман талабы
Әл-Фраби атындғы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы құрылған кезінен бастап, Қазақстан жоғарғы білім беру жүйесінің, университеттік дәстүрлерін қалыптастырып келеді. Бүгінде, ҚазҰУ эндаумент-қорын құруды қолға алып жатыр. Бұл қор «ҚазҰУ даму қорының» арнаулы капиталы болмақ. Көптеген ҚазҰУ түлектері мен достары, Түлектер қауымдастығы есеп шотына қаржылай жарналар жасады. Біз алдымен, түрлі мемлекеттердегі Эндаумент-қорлардың жұмыс жасау қағидаларымен таныстық. АҚШ және Еуропа елдерінде эндаумент-қорлар 500 жылдан астам уақыт қызмет етіп келсе, Ресейде бұл тәжірибе 7 жылдан бері қолға алынған, ал Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ҚазҰУ осы идеяны жүзеге асырды. Алғаш рет эндаумент-қор құру идеясын Университетіміздің ректоры, академик Ғалым Мұтанұлы 2010 жылы ректорат мәжілісінде және ҚазҰУ Ғылыми кеңес отырысында алға тартқан болатын. Кейіннен, 2014 жылдың, мамыр айында ҚР Парламенті отырысында айтылды. Бұл идеяны, Түлектер Қауымдастығының президенті Қайрат Мәми университеттің 80-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған түлектер кездесуінде қолдады. Эндаумент қор – бұл дамыған мемлекеттерге тән атрибуттардың бірі. Мемлекеттік және жеке серіктестіктердің дамуына ықпал етеді және ЖОО-на әлемдік дамыған университеттер қатарына қосылуға мүмкіндік береді. № 1 жарна келісімі, ҚазҰУ химия факультетінің 1976 жылғы түлегі, ҚР мемлекеттік сыйлығының екі дүркін иегері, академик Абдурасул Жарменов пен түлектер қауымдастығы арасында жасалды. Бұл дегеніміз ғалымның, № 378 Қырғыз Республикасы (темірді ерітіп, модификациялау, және қайта өңдейтін «Қазақстан» ерітіндісі) патентінен көрген табысының (девидент) 1 % эндаумент-қорға түсіп отырады. Эндаумент-қор табысын жұмсаудың мақсаты, Халықаралық білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ-дың деңгейі мен рейтингісін көтеру, ҚазҰУ-ды білім мен ғылымның, мәдениеттің халықаралық орталығына айналдыру, ҚазҰУ қабырғасында инновациялық ғылым мен білім беру қызметінің жаңа қырларын дамытуға үлес қосу, қоғамдағы университеттік білім беру құндылықтарын тарату, ғалымдарға қолдау көрсету. Сондықтан да, № 1 келісім тарихи маңыздылыққа ие. Өйткені, бір реттік емес, біраз уақыт бойы түсіп отыратын салым, әлемдік стандарттарға сай, қаржылық демеудің ұзақ уақыттық стратегиясы болып табылады. Эндаумент-қор – болашақта университетіміздің қаржылық тұрақтылығының негізі екендігіне сеніміміз мол. Бұл қаржыға түрлі жобалар жүзеге асырылып, ғалымдарға, ұстаздарға, студенттерге қолдау көрсетіледі. ҚазҰУ түлектерімен достарына эндаумент-қорды қолдауға шақырамыз! Біз үшін жарнаның кез-келген мөлшері маңызды болып табылады! Біз сіздердің көмектеріңізге әрдайым риза боламыз!
Біздің банктегі есеп шотымыз сіздерге белгілі!
|