Негізгі бет / Құттықтаулар / Білім және ғылым министрі – ҚазҰУ түлегі Білім және ғылым министрі – ҚазҰУ түлегі

 

 

      Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы 1966 жылы, 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы «экономика» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдады, біліктілігі экономист – политэкономия мұғалімі. 1993 жылы Минесота штатының (АҚШ) Университетін бітіріп, магистр ғылыми дәрежесіне ие болды.

      Еңбек жолын, 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің қолданбалы экономика департаментінің, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту  бойынша екінші хатшысы қызметінен бастады. 1992 жылдан бастап, Әлемдік банктің, ауылшаруашылығы департаментінің жағдайы жөніндегі сараптама бойынша асистент қызметін атқарды.

      1993-1994 жылдар арасында, АҚШ технология маркетингі бойынша жоба жетекшісі болды (Девелопед Текнолоджи Рисорс, Миннеаполис штаты, АҚШ). 1995-2004 жылдарда, «ФудМастер Компаниясы» ЖШС бас директоры, «ФудМастер Компаниясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «ФудМастер-Асептик»  ЖШС консультанты қызметтерін атқарған.

      2003-2009 жылдарда, «Жаңа технологиялар. Қазақстан» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және бас директор қызметін атқарған.
      2004-2012 жылдары, Халықаралық бизнес Университетінің президенті (Алматы). 2007 жылдың желтоқсанынан бастап, ҚР премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.

      2008-2009 жылы, «Инвестициялық қор» АҚ (Алматы) тәуелсіз директоры лауазымында қызмет атқарды. 2009-2012 жылы - «Frontier Mining» (Лондон, Ұлыбритания) директорлар кеңесінің төрағасы. 2010-2011 жылдары, Аймақтық қаржы орталығы Академиясының (Алматы) директорлар кеңесінің төрағасы болды. (7 ақпан – тамыз 2014 жылы)  Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, (13 тамыз 2014 – 10 шілде 2015)        ҚР Инивистиция және даму министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

      10 ақпан 2016 жылы, Қазақстан Республикасы президенті жарлығымен Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі лауазымына тағайындалды.

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығы,  Ерлен Кенжеғалиұлын жаңа лауазымыен және Елбасының сенім білдіруімен құттықтайды!