Негізгі бет / Құттықтаулар / География институтының директоры, 1977 жылғы ҚазҰУ түлегі Ахметкал Медеудің құттықтау хаты География институтының директоры, 1977 жылғы ҚазҰУ түлегі Ахметкал Медеудің құттықтау хаты

Әл-Фараби атындағы

 ҚазҰУ ректоры,

академик Ғ.М. Мұтановқа

Әл-Фараби даңғ., 71

Алматы қ.,

Факс: 8(727)3773344

 

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!


География институты ұжымында  жұмыс жасайтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  80 түлегі арасында,  20 ғылыми қызметкер Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың қолы қойылған дипломға ие.

Отан алдында еңбегі сіңген ғалым, техникалық ғылымдар докторы, профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының  академигі, көрнекті механик-ғалым, беделді мемлекет  және  қоғам қайраткері, білім және ғылым ұйытқысы болған данышпан тұлға, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғалымы, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың,  ҚазҰУ шаңырағында тойланып жатқан 85 жылдық мерейтойы, осынау азаматтың жақсы атын еске алуға тағы бір мүмкіндік берді.

Ең үздік ұстаздар, талантты ғалымдар, атақты спортсмендер, сұранысқа ие түлектер бәрі ҚазҰУ ректоры болған Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың атымен байланысты. ҚазҰУ қалашығы мен Студенттер сарайы – еліміздің ең жақсы студенттік кампусы болып табылады. ҚазҰУ түлектер қауымдастығы ескерткіш орнатты, ал бүгін механико-математика факультетіндегі залға – Өмірбек Арсыланұлының есімі берілмек. Осылайша университет тарихы қалыптасып, дәстүрлер өз жалғасын табуда. Біз әрдайым академик Жолдасбеков  Ө.А, ұстаздарымызды  жадымызда сақтаймыз,  және  университетке қолдау көрсетеміз!


 

              География институты директоры,

              георгафия ғылымдарының докторы, профессор,

              ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

              Мемлекеттік сыйлық лауреаты,

              1977 жылғы ҚазҰУ түлегі                                                                                               Ахметкал Медеу

 

               Алматы қ. 29.02.16 ж.