СМАҒҰЛОВ
Нұрлан Еркебұланұлы
«Астана Групп» холдингінің президенті. «Биология және химия» мамандығы бойынша ҚазҰУ түлегі (1990). 1965 ж. 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының мәдени дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен (2006), «Құрмет» орденімен (2007), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2008), «Esquire Кazakhstan» журналының хабарында «Жыл адамы» маратталды.
1990 жылы Смағұлов Нұрлан балық өсіру маманы болып өндірістік-жерсіндіру станциясына жұмысқа жіберілді. Бірнеше жылдан кейін, бизнес Нұрланның негізгі айқындаушы сферасы болды, станция директоры: "Бұл жігіттің бізден кеткені өкінішті. Қандай талантты балықшы еді!". Міне, шын мәнінде, орын адамның сәнін келтірмейді, адам орнын сәндейді!
Қайтадан ҚазҰУ. Алғашқы бизнес-жобалар университет қабырғасында. Нұрлан Смағұлов факультет басшылығына ғылыми зерттеулерде қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу қажеттілігін сендірді және он жылдай тарихы бар "Нұрбұлақ"шағын ғылыми-өндірістік кәсіпорнын құрды.
Келесі этап «Мадина» шағын кәсіпорнын құру болды. Әрі қарай – көп! Алғашқы комерциялық телеканалдарында «В Новый год на новом автомобиле!» деген жарнама көрсетілді. Осылайша, 1992 ж. алғаш рет өзі туралы "Астана Моторс" Қазақ Мотор Компаниясына мәлімдеме жасады. Бүгінгі таңда бұл Қазақстанда толыққанды "бренд". Ұсынылатын қызметтердің саны мен сапасы бойынша отандық авторитэйлдің көшбасшысы. "Астана Моторс" – бұл кең меншікті және Қазақстан аумақтарында дилерлік желі.
1996 жылы ел басшылығы Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясына басшылық етуді Нұрлан Смағұловқа сеніп тапсырды. Нақ сол кезде астықты экспортқа жеткізу, жеке құрылымдар жүзеге асыру, астықты өндіру мен сақтаудың, оны сату және қайта өңдеу – барлық бақылау циклі туралы алғашқы ірі келісім-шарттар құрылды. 1996 ж. Смағұловпен құрылған тобы "Астық Индустриясы" командасы нарықта берік аталып, Қазақстанда ұн және макарон өндіруден көшбасшы, сондай-ақ ірі астық экспорттаушы. "Астық Индустриясы " бөлімшелері барлық өндірістік тізбекті : тұқым селекциясынан дайын өнім алғанға дейінгі толық тұйық циклді жүзеге асыру компания ерешелігі болып табылады.
Жер заңнамасын ырықтандыру Нұрланға құрылыстың іскерлік белсенділігін дамыту үшін басқа да идеяларды көрсетті. Смағұлов қазіргі танымал сауда-ойын-сауық орталығы MEGA желісінің авторы және идеяларды жүзеге асырушысы. 2005 жылдың соңында Смағұлов Нұрлан автомобиль, астық және құрылыстық бөлімшелерін "Астана Групп" бас компаниясының астына жинады.