Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы |
|
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы
Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, ғалым және педагог, ғылым мен жоғары мектептің белгілі ұйымдастырушысы, экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор, ҚР ҰҒА академигі (1994), ҚР ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері (1998), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), Пәкістан ҒА мүшесі (2002), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті профессоры. 1960 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың экономика факультетін үздік бітірген. 1938 жылдың 18 ақпанында Торғай облысының Жангелді ауданының №1 ауылында дүниеге келген. 1989 ж. ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды, ал 1990 ж. республикалық Ғылым академиясына Президиумның Бас ғалым хатшысы ретінде шақырылды. 1992-1994 жж. К.Ә. Сағадиев Қазақ мемлекеттік экономика университетін басқарды. ҚР ҰҒА академигі К.Ә. Сағадиевтің ұйымдастырушылық таланты ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті қызметінде жүргенде ашылды (1994 ж. ақпаны – 1996 ж. сәуірі). 1996 ж. ҚР ҰҒА академигі К.Ә. Сағадиев бұрынғы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық және Алматы мал дәрігерлік институттары негізінде ұйымдастырылған Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің ректоры болып тағайындалды. К.Ә. Сағадиев – «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының мүшесі, 2004 ж. және 2007 ж. партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің 3 және 4 шақырылымдарының депутаты болып екі рет сайланды. Мәжілістің үшінші шақырылымының Бюджет және қаржы жөніндегі комитетінің төрағасы, ал 2007 жылдан бастап Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитет құрамына кірді. Академик К.Ә. Сағадиевтің 240 аса тақырыптағы ғылыми еңбегі, соның ішінде 32 монографиясы, кітаптары мен кітапшалары бар. Оның жетекшілігімен 15 докторлық және 40 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1957), «Ерен еңбегі үшін» (1970), «Қазақстан Конституциясына - 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне - 10 жыл» (2006) медальдарымен, Еңбек Қызыл Ту (1971), Халықтар достығы (1987), «Парасат» (2003) и ІІ дәрежелі «Барыс» (2008) ордендерімен марапатталған.
|