Негізгі бет / Ассоциация жайлы / Президиум ассоциации / АРЫСТАНБЕКОВА Ақмарал Хайдарқызы | АРЫСТАНБЕКОВА Ақмарал Хайдарқызы |
|
АРЫСТАНБЕКОВА Ақмарал Хайдарқызы
Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Еліміздің тарихында тұңғыш Елші әйел, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының бірінші Тұрақты өкілі. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие. 1993 жылдан бастап тарих ғылымдарының докторы, ағылшын және француз тілдерін еркін меңгерген. 1948 жылы 12 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультеті (1971) мен оның аспирантурасын (1974) бітірді. 1978-1983 жж. – Қазақстанның ЛКЖО ОК хатшысы, бөлім бастығы. 1983-1989 жж. шетелдермен Қазақ достық және мәдени байланыстары президиумының төраға орынбасары, төрайымы болып жұмыс істеді. 1989-1991 жж. – Қазақстанның Сыртқы істер министрі. 1992 жылдан бастап 1999 жылға дейін – БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасынғы қосымша Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1994-1995 жж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясының Вице-Төрайымы болып сайланды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. 1999-2001 жж. – ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының қосымша Тұрақты өкілі. 2003 жылдан бастап – ҚР СІМ Айрықша тапсырмалар бойынша елшісі. Қазақстан Республикалық әйелдер кеңесінің төрайымы (1987-1990). ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 11 шақырылымының депутаты, 1987-1990 жж. – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі. 2002-2003 жж. – Халықаралық дипломатиялық академияның вице-президенті (Париж). 1991 жылдың желтоқсанында ол Нью-Йоркта КСРО-ның Тұрақты Өкілеттігінің аға кеңесшісі, кейіннен БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалады. Ақмарал Арыстанбекова көрнекті елші, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытқан тұңғыш әйел ғана емес, сондай-ақ химия және катализ, тарих, дипломатия, халықаралық құқық, саясаттану мәселелерін жете білетін жан-жақты ғалым болып табылады. Ол халықаралық қатынастар және әлемдік саясат мәселелері бойынша төрт монографияның, әлемдік және отандық басылымдарда жарияланған он шақты ғылыми мақаланың авторы. А.Х. Арыстанбекова ҚР «Құрмет» (1996) орденімен және төрт медалімен марапатталған. |