Негізгі бет / БАҚ біз туралы БАҚ біз туралы

 

Ғалымдар жұмысқа ат салысуда


 

 Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевпен кездесу өткізді


Кездесу барысында отандық ғылымның маңызды мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық саясаты сөз болды.  Еліміздің зиялы қауымы, соның ішінде ғылым өкілдері әлемдік экономикалық және геосаяси ахуалдарға байланысты өзіндік көзқарасын білдіріп, оларды шешудің жолдарын ұсынуға тиіс екенін, елбасымыз айта өтті. 

-       Бүгінде, ешбір сарапшы орын алып отырған мәселелерге байланысты нақты болжам айта алмай отыр. Еуропа, АҚШ, Қытай мемлекеттері туралы жеке көзқарастар бар, алайда, толыққанды болжамды келтіре алмайды.  Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы санкциялық текетірес, сауда қарым-қатынастарына кері әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ терроризм мәселесі, бірлескен әрекетті талап етеді. Осы айтып өткен қауіп-қатерлерге байланысты отандық ғалымдардың өзіндік ойлары мен көзқарастарының болуы қажет екенін – елбасымыз айта кетті. К.Сағадиев, осынау аласапыран заманда, отанға қызмет ету, ғалымдардың кәсіби борышы екенін жеткізді.

          Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, академик, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Ұлт жоспары» үлкен тарихи мүмкіндік және оның  әлеуетін барынша қолдану қажет екенін айта өткен.  Бұл үдеріске тек ғылым өкілдері ғана емес, барша Қазақстан азаматтары ат салысу керек.

         

          Дереккөзі: Казахстанская правда, 23 қаңтар 2016 жыл, № 14 (28140)

 


Айта кететін жайт, ҚР, ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Сағадиев, 1960 жылы ҚазҰУ-ды үздік бітіріп, экономист мамандығына ие болған.  ҚазҰУ түлектер қауымдастығы президиумының мүшесі Кенжеғали Әбенұлы туралы очерк  «Біздің элита. Наша элита
»    атты ҚазҰУ көрнекті түлектрі туралы кітапта (2009 ж.)  жарық көрген.