Негізгі бет / Жаңалықтар Жаңалықтар

Университетіміздің Эндаумент қорына қаражат тарту

Университетіміздің Эндаумент қорына, Қара шаңырақтан түлеп ұшқалы отырған түлектерімізде өз үлесін қосуда.

 

Университетіміздің Эндаумент қорына, Қара шаңырақтан түлеп ұшқалы отырған түлектерімізде өз үлесін қосуда. Соған дәлел ретінде өткен жылы мамыр айында Эндаумент фондының қоры түлектер тарапынан 6 437 800 тг толықтырылды. Аталған  бітіруші түлектерге, яғни бакалавр, магистрант, докторанттарға «Түлектер куәлігі» жасалынып, таратылды. Бұл куәлік мынадай мүмкіндіктерді береді:

- ҚазҰУ түлектер қауымдастығының түрлі жобаларына, ұжымдық іс-шараларына қатысуға;

- ҚазҰУ спорттық инфрақұрылым нысандарын жеңілдік бағамен пайдалануға;

- Магистратура оқу ақысына жеңілдік қарастырылады (Бакалаврдегі дипломы үздік болған жағдайда – 20 %, «жақсы» және «өте жақсы» бағалары бар дипломмен – 15 % жеңілдікке ие бола алады);

- Университет қабырғасындағы семинарларға, дәрістерге, конференцияларға, кездесулерге, мастер- класстарға қатысуға;

- Медициналық орталықтың жеңілдік қарастырылған қызметтерін, фотостудия, кітап дүкені, сұлулық салоны және өзге де «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының қызметтерін, ҚазҰУ кітапханасының, интернет-кафесінің, тамақтану комбинатының қызметтерін пайдалануға;

- Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға, ҚазҰУ-дың жетекші ғалымдарымен бірге отырып ғылыми жұмыспен айналысуға.Жалпы 5364 бітіруші түлекке куәлік жасалынды, Эндаумент фондқа 6 437 800 теңге көлемде ақша түсті.

Түлектер куәлігі

Факультет атауы

Жалпы студент саны

Жалпы сомасы

География және табиғатты пайдалану

894

1 072 800 тг

2

Журналистика

59

70 800 тг

3

Биология және биотехнология

534

640 800 тг

4

Ақпараттық технологиялар

588

705 600 тг

5

Халықаралық қатынастар

223

267 600 тг

6

Химия және химиялық технология

544

652 800 тг

7

Физика техникалық

501

601 200 тг

8

Философия және саясаттану

355

427 000 тг

9

Экономика және жоғары бизнес мектебі

592

710 400 тг

10

Механика математика

85

102 000 тг

11

Филология

565

678 000 тг

12

Заң

269

322 800 тг

13

Шығыстану

155

186 000 тг

 

Жалпы:

5364

6 437 800

 

 

Басылым күні: 20-қаң-24