ҚазҰУ факультеттері түлектерінің қауымдастығы 2024 жылғы түлектер куәлігін дайындауға кірісті. Айтпақшы, мұндай куәлікті кез-келген жылдың түлектері де жасай алады. Ол үшін ҚазҰУ түлектерінің қауымдастығына электронды форматта мәліметтер мен фотосуреттерді ұсыну жеткілікті. Куәлік үшін төлем университеттің эндаумент-даму қорын толықтыру үшін ҚазҰУ түлектері қауымдастығының есеп шотына енгізіледі.
Куәлікте түлектердің келесі жеңілдіктері көрсетіледі:
ҚазҰУ түлектері қауымдастығының жобаларына, корпоративтік іс-шараларына қатысу;
Университеттің семинарларына, дәрістеріне, конференцияларына, кездесулеріне, шеберлік сыныптарына қатысу;
Медициналық орталықтың, фотостудияның, кітап дүкенінің, сұлулық салонының және "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығының басқа да құрылымдарының жеңілдетілген қызметтерін, Кітапхана, Интернет-кафе, тамақтану комбинатының қызметтерін пайдалану;
Бос орындар жәрмеңкелеріне, ҚазҰУ жетекші ғалымдарымен бірлескен ғылыми жұмыстарға қатысу.